Руханияттың көзі

Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, тұп-тұнық бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына – кітап.

Бүгін біздің Амантоғай ауылдық кітапханаға саяхатқа Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 1 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Салтанат Ануарова апай келді. Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру болатын. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кітапханашы балаларға инновациялық сөйлейтін қаламмен халық әндерін тыңдатты. «Адамның досы – кітап, ол өмір кілті» атты кітап көрмедегі ғажайып кітаптармен, «Балдырған», «Айтшы әжетай», «Балбұлақ», «Алақай балақай», «Дара бала», «Мөлдір бұлақ» т.б балаларға арналған журналдармен таныстырды. Кітап көрмеге халық ауыз әдебиеті, ертегілер, балалар әдебиетінің алтын қорынан алынған шытырман оқиғамен әдебиеттер, сондай-ақ, отандық және шетелдік авторлардың заманауи балалар кітаптары қойылды. Балалар «Кішкентай маймыл», «Жасырынбақ», «Алаяқ түлкінің көмегі» ертегілерін, Н.Төлепбергенұлының «Өлеңді әліппе» кітаптарын қызығушылықпен оқыды. Іс-шара өте қызықты да көңілді өтті.

Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы,
Амангелді ауданы, Амантоғай ауылдық кітапханашысы

ПІКІР ЖАЗУ