БҮГІНГІ БАЛАЛАР — ЕРТЕҢГІ ЕЛ ИЕСІ

Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебіндегі Б.Жанасаев атындағы «Сұңқар» патриоттық клубы биыл мамыр айында 7 мамыр күні оқушыларға патиоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.

Клуб басшысы, аталған мектептің алғашқы әскери дайын-дық және технология пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Ердос Жанасаевтың айтуынша, клубтың тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты алдына қойған негізгі мақсаты — қазақстандық патриотизм, азаматтық , ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру.
— Патриоттық клуб Әкелер кеңесімен бірлескен жұмыстар бала тәрбиесіне оң нәтижесін беріп отыр. Атап айтсақ, Әкелер кеңесі ұстаздар арасында дәстүрлі «Мергендер» сайысы, кездесулер, әскери шерулер, патриоттық әндер байқауы дәстүрлі жүргізілді.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл-дық мерейтойы және 7-мамыр Отан Қорғаушылар мерекесі қар-саңында генерал-лейтенант Болат Бақытжанұлы Жанасаевтың демеу-шілігімен №4 жалпы орта білім беретін мектебіне алғашқы әскери-патриоттық заманауи кабинеті тартуы сыныптан тыс жұмысымыздың жоғары дәрежеде өтуіне жағдай жасалып отыр. Біз уақытпен үндесіп, заманмен бірге қадам басып келеміз, алдағы уақытта түрлі патриоттық байқаулар тактикалық алаңда емес, цифрлық кеңістікте өткізілетін болады. Жас ұрпаққа осындай заманауи құралдармен жабдықталған кабинетті тарту еткен генерал-лейтенант Болат Бақытжанұлына алғысымыз шексіз, – дейді ол.
Клуб басшысының айтуынша, әскери-патриоттық тәрбие оқушының мектеп бітіргеннен кейінгі өміріне де оң әсер етеді. Мектеп оқушылары оқу-далалық жаттығуда Шалқар ауданы әкімінің ауыспалы кубогын жеңіп алған. Жыл сайын әскери-патриоттық сайыстарда жетістікке жетіп жүрген оқушылар да бар.


— Азаматтардың бойында ұлттық нышандарға – Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отыру қажет.  Мемлекеттік  нышандардың  көмегімен оқу-шылар бойына еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді. Патриоттық сезім отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады деп ойлаймын. Ел бейнесін және Отанымен ажырағысыз байланыс сезімін мемлекет пен қоғам, ең алдымен, білім беру арқылы қалыптастырады.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтытпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімді тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы деп ойлаймын, — дейді ол.


Қазақстан Президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысы Қ.Тоқаевтың «Жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі», — деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Болашақта Отанына адал қызмет ететін білімді, білікті, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісінде әскери-патриоттық жұмыстың мәні зор.
— Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық.
Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды. Бұл бағыттағы жұмыстар сабақтарда және басқа да сыныптан тыс жұмыстар кезінде жүзеге асырылады. Атап айтатын болсам әскери- спорттық жарыстар, мергендер сайысы, ардагерлермен кездесу кештері, әскери ән және сурет байқаулары, қабырға газеттерін шығарылады, — дейді патриоттық клуб басшысы.

Мейрамгүл Рахатқызы

ПІКІР ЖАЗУ