Сәлеметсіз бе, «Мөлдір бұлақ»!
Біз №18 негізгі мектебінің 3-сыныбында оқимыз. Біздің сынып өте ұйымшыл, балалар сабақтарын жақсы оқиды. Биылғы 2021 жылға сыныбымызбен түгел «Мөлдір бұлақ» журналына жазылдық. Себебі бізге «Мөлдір бұлақ» журналы қатты ұнайды. Осы басылымның әр санын асыға күтіп, қызыға оқимыз. Сол арқылы көптеген қызықты мағлұматтар алып, таным көкжиегіміз кеңеюде. Сізге алғысымыз шексіз «Мөлдір бұлақ»! Алдағы 2022-жылға тағыда жазыламыз. Сізден көптеген қызықты ақпараттар күтеміз.
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Ерімбетжаға елдімекені
№18 негізгі мектебі
3-сынып оқушылары