Президент реформасын қолдаймын
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көптеген мәселелерге көңіл бөліп, Үкіметтің алдына нақты мақсат пен міндеттер жүктеді. Негізгі бағыттардың бірі ел экономикасын дамытуда жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану және қоғамның жұмыс істеп тұрған салаларына тікелей инвестициялар тарту болып табылады.
Былтырғы күрделі эпидемиологиялық жағдайда елдегі жұмыс орындарын сақтап, шағын және орта бизнес секторын қолдау нәтижелі болды. Бизнестің Жол картасын әзірлеу мен іске асыру және осы бағдарламаның мерзімдерін 2022 жылға дейін ұзарту жобалары менің көңіліме қонды. Бұл бизнестің нақты секторларының қарқыны мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жолдауда тиімді бюджеттік жоспарлау және бюджет қаражатын игеру мәселесіне көп көңіл бөлінді. Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі және АӨК салаларында заң жобаларын уақтылы енгізу осы секторларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Президент Ауыл шаруашылығын қолдауға гранттар, субсидиялар бөлу және осы секторға нақты инвестициялар енгізу арқылы ауылдық жерлерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, шағын және орта шаруа қожалықтарын субсидиялауға қол жеткізуге ерекше көңіл бөліп, осыған тіке байланысты министрліктерге бірқатар маңызды тапсырмалар берді.
IT-саласын дамытуға, нақты мемлекеттік секторды жаңғырту мен терең цифрландыруға, қашықтықтан онлайн форматта халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға баса маңыз берілді. Мемлекет басшысы Жолдауда әлеуметтік нысандар салу қажеттігін ерекше атап өтті. Мәселен, 1000 мектеп салу және пайдалануға беру жоспарлануда, бұл білім беру саласындағы сапаға тікелей әсер етері сөзсіз. Жолдауда мемлекетіміздің басты құндылығы — этносаралық және конфессияаралық келісім туралы бірнеше рет айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді. Нақты және уақтылы шешімдердің бірі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін ұлғайту болып табылады. Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасына оң әсер етеді. Президент қысқа мерзімді перспективада өте салмақты, нақты және уақтылы мақсаттар қойды. Барлық реформалар мен міндеттерге қол жеткізілетініне және жетекші елдердің әлемдік рейтингіндегі елдің позициясын нығайтатынына сенімдімін.
Абуталипов Аслан,
ҚХАА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшесі