«Абай – дана, Абай – дара»
Қазақ халқының маңдайына біткен ұлы перзенті, көсемсөз шебері, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев музыкада, поэзияда, даналықта, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар қалдырғаны анық. Абай қазақ халқы үшін ұрпаққа ескірмейтін жол, адаспайтын бағдар қалдырған таңғажайып тұлға. Абайдың тұлғасын мен мұрасын ұлықтау біздің басты мақсатымыз.
Абай қазақ халқының біртуар азаматы, данышпан ақыны, ойшыл данасы, қазақ әде-биетінің биік ірі тұлғасы. Оның нәрлі еңбектері мен көркемсөзі өскелең ұрпақтың санасына ақыл-парасат пен құндылықтар дарытатын тылсым сырға ие. Сонымен қатар адамгершілік пен сыйластыққа, достық пен еңбекқорлыққа шақыра білген ойшыл дана да, дара тұлға. Рухани және мәдени құндылықтарымыз дәріптеуде ақынның өмірі мен шығармашылығын, қара сөздері мен «Абай жолы» романын ұрпақ санасына сіңіру арқылы қазақтың жандүниесіне, болмыс-бітіміне толықтай бойлауға, үңілуге ерекше мән беріп, ынта-ықыласты арттыру керек.
Көсемсөз шебері Абай мұрасын насихаттау, мән-маңызы мен қадір-қасиетін ұғынуға, тағылымы мен мол мұрасынан тәлім алуға барлық мүмкіншілік бар. Біздің жастарымыз халқымыздың маңдайына біткен ұлы ақынның шығармашылық мұраларын, ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың мақсаты мен мұратын жете түсіне білуге талпынып, нақты мақсат қоя білуі керек.
Ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы, рухани асыл мұралары, өлеңдері, әндері артына өлмейтұғын із қалдырғаны сөзсіз. Абай поэзиясын, тарихи танымын, ізгілігі мен игілігін, азаматтығы мен парасаттылығын, сана-сезімін, өмірлік айқындамаларын ұрпақ бойына сіңіру үшін әлі де іздену, Абайды тануға ұмтылу басты парызымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абай-дың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді», — деп ерекше атап өткен болатын.
Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен за-манауи ұлттық өнердің қайнар бұла-ғына айналып, ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы ағартушының асыл туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын жойған емес. Керісінше, Абай мұрасы – күннен-күнге нәр алып, өз ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр. Абай шығармаларында ұлы далада өмір сүрген қазақ халқының бар болмыс-тіршілігі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен жан-дүниесі суреттелген. Абайдың туындыларына зер салсақ, елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі — білім мен ғылымда жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы» деп атап өткен еді.
Иә, Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Ақын «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын баса айтты. Ағартушы ақынның өз заманындағы тұжырымдары қазір де аса өзекті. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты —
биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көштен қалмай, алдыңғы қатардан орын алу. Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану — қазақтың өзін-өзі тануының, басы. Абайды тану — Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз.
«…Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауға басыңды дауға қор қылма, қорға, татулас…» деп туған халқының алтыбақан алауыз болмауын өсиет етіп қалдырды.
Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды таны-тудың сан түрлі жолы бар. Абайдың тілі, Абайдың үні бүгінгі күні озінің мәні мен маңызын айқындағандай, оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге болуда. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Оның қара сөздері асыл мұра, бүкіл адамзат баласының рухани азығы болуда.
Абай — қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға. Ол туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абай — қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай — әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға», -деді, Бұл айдай анық айтылған сөз, Абай дана, Абай дара тұлғаға берілген нақты баға.
Ұлы кемеңгер ақын Абай шығармалары, өлеңдері мен қарасөздері жастарды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулумен қатар олардың білімге құштарлығын арттыруға, мейірімді, ашық-жарқын болуға, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелейді Абай Құнанбаевтың қасиетті қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау, бағыт-бағдар алуға әбден болады. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келген көзі ашық көкірегі ояу, жақсылыққа талпынған жанға өмірлік азық болатынын ешкім жоққа шығармасы анық. Сондықтан да Абай біздің мәңгі жадымызда. Абай біз үшін – барлық әлем!
Ж.Калиева, Ақтөбе облысы
ҚХА жанындағы аналар Кеңесінің төрағасы