Сурет және дәуір

Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, суретші, карикатурист 1958 жылы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. 1980-1988 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жұмысшы, көркемдеуші-суретші болып жұмыс істеді. 1987 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы жоғары көркемсурет училищесіне түсіп, 1990 жылы тәмамдады. 1990-1995 жылдары «Халық кеңесі» газетінде суретші болып еңбек етті. 1995 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінде суретші болып жұмыс істейді.
Еңбектері Қазақстанда және әлемнің 50-ден аса елінде өткен суретшілер көрмесіне қатысып, әр деңгейдегі 60-тан астам республикалық және халықаралық жүлделерге ие болды. 130-дан астам суреті Қазақстанның және шетелдің белді басылымдарында жарияланды.


2012 жылы «Нұр Астана» газеті ұйымдастырған республикалық карикатурашылар байқауына, 2013 жылы Бакуде өткен халықаралық «Молла Насреддин» суретшілер байқауына, 2015-2017 жылдары «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған жемқорлыққа қарсы күрес республикалық карикатурашылар байқауына, 2018 жылы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Астана айшықтары» республикалық карикатурашылар конкурсында әділ-қазылар алқасының мүшесі болды.
1982 – Өскемен қалалық саяси плакаттар байқауының жүлдегері.
1982 – Республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналы бәйгесінің жүлдегері.
1987 – «Қазақ әдебиеті» газеті сыйлығының лауреаты.


1989 – «Айтпаса да түсінікті» атты сықақ суреттер жинағы жарық көрді.
1994 – ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері.
1997 – «Сорос-Қазақстан» қоры өткізген республикалық конкурста 3-орын алды.
2010 – Венгрияның Байя қаласында өткен халықаралық байқаудың 2-орын иегері.
2012 – Қытайда өткен «Алтын Панда» дүниежүзілік байқауының Алтын жүлдегері.
2013 – Израильдің Хайфа қаласында өткен байқаудың арнайы сыйлығымен марапатталды.


2013 – Аргентинада өткен халықаралық байқауда арнайы сертификаты берілді.
2014 – Түркияның Синоп қаласында өткізілген байқауда «Жетістігі үшін» сыйлығына ие болды.
2014 – Кипр қаласында өткен байқауының арнайы зайтун сыйлығымен марапатталды.
2014 – Ливан астанасы Бейрутте өткен байқаудың қола жүлдегері.
2014 – Румыниядағы «Әзіл Гура-Гуморулай» байқауының бірінші жүлдесіне ие болды.
2014 – Нигерияда өткен халықаралық байқаудың арнайы сертификаты табысталды.
2015 – Қытайда өткен халықаралық байқаудың күміс медалімен марапатталды.
2015 – Шыңжаң биенн алесінің Гран-при жүлдесін алды.
2016 – Италияда өткен халықаралық конкурста бірінші орын иегері.

100 ойын = 1 ойын Нидерландтық Үлкен Питер Брейгел деген суретші 1560 жылы «Балалар ойындары» атты картинасын дүниеге әкеліпті. Аталған анау картинада жыбыр-жыбыр қимылын көргенде, ойынның көптігіне еріксіз таңдай қағасыз. Зерттеушілердің есептеуінше, суретші картинасында 200-ге жуық ойын баласын бейнелеген көрінеді. Ойын түрінің өзі 100-ден асып жығылады. Картина құдды төрткүл дүниеде қанша халық бар, солардың ойын түрлерінің энциклопедиясы іспетті. Осы суреттегі ойындардың бүгінгі күнге келгенде қусырыла келе бір ойынға айналғанын көреміз. Көрнекті суретші, халықаралық сыйлықтардың иегері, карикатура шебері Айдарбек Ғазизұлының «100 ойын = 1 ойын» атты суретіне назар аударсаңыздар, бәрін бірден түсінесіздер.

2017 – Қытайда өткен байқауда «Жыл карикатура суретшісі» атанды.
2017 – Лондондағы халықаралық конкурста «Жоғары бағаланғаны туралы арнайы сертификат табысталды.
2018 – Мысырда өткен конкурстың арнайы сертификатына ие болды.
2018 – Мексикада өткен байқаудың дипломанты атанды.
2019 – Индонезияда өткен «Халықаралық конкурс-2019» байқауында мойындау сертификатын алды.
2019 – Кубада өткен ХХІ халықаралық графикалық юмор биенналесінде 1 орын иеленді.

ПІКІР ЖАЗУ