Табыс – Тәуелсіз елдің татулығында
Біз Тәуелсіз елде өзге ұлт өкілдерімен тату тұру бақыты бұйырған ұрпақпыз. Жастарға Тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екенін ұғындыру аға буынға парыз. Еліміздің тамыры терең тарихы мен әдеби-мәдени руханияты бай құндылықтарымыздың қадір-қасиетін түсінген ұрпақ еркіндік ұғымын түсіне алады. Жігерлі жастарымыз барда болашағымыз жарқын болары анық.
Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік арманына бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. Қазақстан өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды. Ұлы дала төсінде ынтымақ пен береке орнады. Елімізді жершарының жеті құрлығы әлем мойындады. Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрі еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясаты мен өркениетке ұмтылып, үнемі дамуды көздеген табандылықтың нәтижесі. Ендігі мақсатымыз – қасиетті Тәуелсіздіктің тұғырын берік, келешегін кемел ету. Еліміздің кемел келешегі жастардың қолында. Заманға сай даму үшін жаңа технологияларды игерген, жаңаша ойлайтын білімді жастар қажет. Сондықтан, Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ел жастарының әлемдік деңгейде білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Өйткені озық білім мен ғылымды игерген жастар – еліміздің ертеңгі тірегі. Жастар білімін рухани тәрбиемен толықтыра отырып, Ел мен Жердің қасиетін бағалай білетін азамат болып өсуі тиіс. Олардың ел болашағына қызмет ететін білікті маман болып шығуы маңызды. Еліміздің нұрлы болашағы жолында Мәңгілік мақсат-мұраттарымыздың бастауы, негізгі тұғыры – Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Бүгінгідей ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті күн кешіп, берекесі мен ынтымағы жарасқан бейбіт еліміздің әрбір сәтті қадамы өзге елдерге үлгі. Қоғамның бір бөлшегіне айналған әр этностың, әрбір қазақстандықтың орны бөлек. Әрқайсысы ел дамуына үлесін қосып жатқандығы рас. Ортақ мүддені көздеп, ынтымақтастықта республикамыздың өркендеуіне қолдан келгенше үлес қоса берейік. Бұл Отан алдындағы азаматтық борышымыз деп түсінуіміз керек. Болашақ білімді, білікті жастардың қолында.
Сабина Пак,
ҚХА мүшесі