Абай мұрасы – татулық мектебі

Қарағанды облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мен волонтерлері Абай күніне арналған «Сөнбес сәуле»
акциясын өткізді.

Жастар сауда орталықтарында ұлы ойшылдың қара сөздері жазылған құттық-таулар мен тәттілер таратты. Тұрғындар болса, Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, әндерін шырқады.
Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл толды. Былтыр Қазақстанда жаңа мереке, 10 тамыз – Абай күні бекітілген болатын.
«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақс-тан» атты мақаласында Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» деген еді.
Абай мұрасы — халықтың бірлігі мен тұтастығына апаратын жол. Оның шы-ғармалары әрбір жас ұрпақтың өз халқына, еліне және жеріне деген патриоттық сезімін оятады. Біздің акцияның мақсаты – Абай шығармашылығын қала тұрғындары арасында насихаттау. Біз әрбір адам осы өлең жолдарынан өзі үшін өте маңызды қанатты сөздер табатынына сенімдіміз», — деп бөлісті Ассамблея жастары.

Индира Токмурзина,
Қарағанды облысы

ПІКІР ЖАЗУ