Жолдарың болсын жас түлектер!

Білім – таусылмас қазына. Сол қазынаны ел-жұртқа насихаттай білетін жастарымыз мектеп қабырғасындағы әрбір ұстаз үшін мақтаныш. Бүгін де 2021 жылғы түлектеріміз Ұлттық біріңғай тестілеу сынағын тапсырып, өз білімдері үшін белсене еңбектенді. Білім өткелінен өткен, болашаққа қадам жасаған үш түлегімізден алған сұхбатты назарларыңа ұсынып отырмыз.

 

Мадина АНАФИЯ, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм» мектебінің түлегі:

– Болашақ мамандығың қандай?
– Білікті ұстаз болуды таңдадым. Балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім бергім келеді. Орыс тілі мұғалімі болсам ба деген ойым бар.
– Дайындық деңгейің қандай?
– Дайындық өз дәрежесінде. Өзімді алып шыға аламын деген сенімдемін!
– ҰБТ-дан өткен немесе өтпеген жағдайда әрі қарай өміріңді қалай елестетесің?
– Өткен жағдайда оқуымды оқып, өз мамандығымды жетік меңгеріп, мамандық бойынша жұмыс жасаймын. Өтпеген жағдайда әрі қарай таңдаған мамандығым бойынша ізденісте боламын. ҰБТ шектеу емес! Бастысы – тоқтап қалмау!

 

Маржан КУПБАЙ, Түркістан облысы, Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі:

– Қандай пәндерді таңдадың және болашақ мамандығың қандай?
– Құқық негіздері мен дүние жүзі тарихы пәндерін таңдадым. Прокурор болғым келеді.
– ҰБТ тапсырар алдында «өтпей қаламын» деген қорқынышың болды ма?
– Қорқыныш болмады, бірақ кішкене уайым болды.
– ҰБТ-дан жоғары балл алып, қай университетте оқығың келеді?
– Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ мемлекеттік Заң университетінде білім алғым келеді.

 

Азамат ЕСҚАЛИ, «Ломоносов» гимназия мектебінің түлегі:

– Таңдаған пәнің қандай?
– Химия және биология.
– Қандай оқу орнына түспек ойың бар?
– Алматы қаласындағы С.Асфендияров» атындағы медициналық университетіне түсуді мақсат еттім.
– ҰБТ-ға дайындық қалай?
– Дайындық өте жақсы.
– ҰБТ-дан міндетті түрде өту сен үшін маңызды ма?
– Әрине, маңызды.

 

Осымен сұхбатымыз тәмам. Сұхбаттасқан түлектерімізге алғыс білдіреміз! Сендерге сәттілік тілейміз, түлектер!

Махаббат ТЫНЫБЕК, жас тілші, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Б.Садықов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ