Қазақстан халқы Ассамблеясы жас аналарға домбыра сыйлады

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Аталған акцияны ұйымдастырушылар қаламыздағы №2 перинаталдық орталықта болып, дүние есігін ашқан он нәрестеге ҚХА логотипі бар ұлттық аспап-домбыраны сыйға тартты. Аталған акцияның мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы-домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі игілікті істерге жұмылдыру.
Акция әрбір үйде домбыра ұстау маңызына бағытталған. Сонымен бірге, байырғы дәстүрді жандандыруға әрі ұлттық код ерекшелігіне, ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениетіне арналған. Осы арқылы ежелден келе жатқан қазақ халқының ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға үндеп отыр. Іс-шаралар қажетті санитарлық талаптарға сәйкес өткізілді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

ПІКІР ЖАЗУ