Ең қажетті 10 мамандық

Мамандық таңдау — адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Яғни адам өз бойындағы қабілетіне қарай, икемділігіне қарай, бір сөзбен айтқанда шама-шарқына қарай өзіне және қоғамға қызмет ету дегенмен бірдей. Сондықтан адам баласы өмірде мамандық таңдауда өз өміріне балта шаппастай етіп үлкен жауапкершілік арқалай отырып, асқан ыждаһаттылықпен таңдау жасауы тиіс. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі өзі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. «Бүгінде қандай мамандықтар ең көп сұранысқа ие болады?» деген ой әр жасөспірімнің санасында.
Жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің қажет. Мамандықты дұрыс таңдап оны игеріп кету жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Сондай-ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай, «Өмірде өз мақсатымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік».
Біздің еліміздің өсіп-өркендеуіне, алға жылжып еліміздің дамуы өскелең ұрпақ мойнында. Ендеше, білікті мамандар мен үздіктер қатарында жүрген мамандықтардың шаңын қағу керек. Сіз бен бізге көмек болсын деп таңдаулы 10 мамандықты ұсынғалы отырмын.

 

IT – саласы

IT маманы – бұл біздің зама-нымыздың ең іздейтін мамандық-тарының бірі. ХХІ ғасырда ақпарат барлығын шешеді, және қазірдің өзінде, инфексивті ақпа-раттық технологияларды қолданбай жұмыс істемейді. Осы жерден осы салада жұмыс істейтін және жаңадан ашылатын кәсіпорындар мен мамандар үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға үлкен сұраныс бар. Жасанды сананың дамуы, жаңа технологияның үлкен құбылыс жасауы адамзат тарихын-дағы жеңіс. Осы жеңісті жетілдіру жолында нағыз IT мамандары керек-ақ. Әлемде қазір IT саласы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұр. Компьютерді құрастыру мен сайт жасау кез келген техника тілін меңгерген маманға таңсық емес. Алайда, оның күрделі функцияларын атқару, дамыту, ерекшелеу секілді тектерін меңгеру басқа әңгіме. Қазақстан аталған мамандық бойынша әлемдегі үздіктер қатарына ене қоймады. Алайда, біздің білімді жастар математика саласында ең үздіктер қатарында. Ендеше, бүгін және ертең жойылып кетпейтін мамандық осы IT саласы.

 

Әлеуметтік сала мамандықтары

Алдағы онжылдықта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының әсерінен білім беру жүйесі танымастай өзгерістерге ұшырайды. Балалардың интернет – әлеуметтену ерекшеліктерін веб-психологтар жақсы түсінетін болады. Онлайн-платформа кураторларының міндеттеріне мыналар кіреді. Қашықтықтан оқыту курсын құрастырады, мұғалім мен оқушы арасындағы коммуникациялық проблемаларды шешеді.
Брейн-тренердің негізгі міндеті оқушылардың зейін өнімділігі мен шоғырлануын арттыру болып табылады.

 

Коуч-тренер

Коуч – әзірге отандық жоғары оқу орындары дайындамай жатқан 21-ғасыр мамандығы. Бір мезетте психолог, тренер және кеңес берушілік қызметтерін қатар атқарады және қызметкерлердің тұлғалық әлеуетін ашу арқылы кәсіпорынның өнімділігін арттыруға көмектеседі. Коучер қызметінің тізіміне мыналар кіреді: жағдай проблемасын талдайды және кеңес береді, мақсат қойып, сабақ бағдарламаларын әзірлейді, тренингтер жүргізеді. Адам жан дүниесі туралы терең білімі бар маман онлайн-коучер немесе желілерде әлеуметтік қызметкер бола алады.

 

Туризм

Қазіргі заманның көшбасшы ма-мандығына кіретін туризм мамандығының еліміз үшін алатын орны ерекше. Туризм мамандығы және оның мамандары елдің мәдениетін, тарихын таныстырумен қатар елдің көркеюіне үлкен үлес қосады. Тек оны қалыптастыру үшін білікті мамандар керек. Қазір туристік фирмаларда білікті мамандар жетіспейді. Басты себеп, тілді жетік білмеуі немесе тарихи мекеннің ең тамаша жерлері туралы ақпаратқа қанық болмауы. Егерде сіз дәл осы мамандыққа қызықсаңыз қазірден бастап тілдерді жетік меңгеріп үйреніңіз. Еліміздің тарихи мекені жайлы ізденіп, көп кітап оқыңыз.

 

Логистика

Логист мамандығы табанды, аналитикалық ойлау қабілеті бар, еңбекқор, қиындықтарды жеңе білетін адамдарға қолайлы. Жақсы маман болу үшін сіз сенімді келіссөз жүргізуші болуыңыз керек, тасымалдаудың әртүрлі түрлерін жақсы біліп, жеткізушілермен байланыс жасау тәжірибеңіз болуы керек. Сонымен қатар, табысты жұмыс үшін қойма және сатып алу логистикасы саласында жақсы білім қажет. Заманауи технологияларды білу міндетті, ең болмағанда бір шет тілі, бірақ бірнеше тіл білген жақсы. Қазіргі кезде әлемнің әр түрлі елдерінің арасындағы сауда және нарықтық қатынастар қарқынды дамып келе жатқандығына байланысты «логист» мамандығын сұранысқа ие деп атауға болады. Логистика бойынша диплом алып, сіз жақсы жұмыс табатындығыңызға сенімді бола аласыз және уақыт өте келе мақсатыңызды сәтті орындай аласыз.

 

Инженерия

Кез келген елдегі тапшы мамандықтардың бірі. Білікті әрі білімді мамандардың көмегімен құрылыс-индустриясы және өнімнің автоматтандырылған деңгейі артады. Қандай жағдай болмасын, елде дағдарыс бола қалған күннің өзінде инженерлердің сұраныста болатыны анық. ХХІ ғасырдағы инженерлерге қойылатын қос бірдей талап бар.Оның бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру, екіншісі – жаңа технология тілін жетік түсіну.

 

Эколог мамандар

Жанармай, артық қоқыс, түрлі зауыттардың өндіріс үшін тоқтаусыз жұмыс жасауы, қоғамдағы, әлеуметтік ортаны ластайды. Ал бұған бей-жай қарамайтын мамандар – экологтар. Экологтар әркезде де сұранысқа ие мамандар. Экологияның бұзылуын қалпына келтіру және оның алдын-алу мақсатындағы жасалатын әрекеттерді ұйымдастыру экологтардың басты міндеті.

 

Data сарапшы

2020 жылға қарай қаржы институттарынан бастап өндірістің кез келген саласында ақпаратты игеріп, оны талдап отыратын маман қызметіне сұраныс болады. Капиталистік қоғамда ақпаратты талдау маңызы орасан зор. Мысалы, қаржы институттары әртүрлі нарықтарда сауда жасау үшін оларға нарыққа шолу жасап, табыс табудың мүмкіндігін қарастыру керек. Онымен дата сарапшы айналысады. Бұл трендке журналистикада да сұраныс артып келеді. Соңғы жылдары журналистердің статистикалық мәліметті қарапайым халыққа түсінікті тілмен жеткізуі қысқа уақытта мол ақпарат алудың мүмкіндігін беруде.

 

SMM мамандары

Болашақта интернеттегі медиа компаниялар әлеуметтік желілердің айырылмас бөлігіне айналады. Сондықтан журналистер әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің принциптерін үйрене бергендері жөн. Әйтпесе, SMM мамандары медиа секторын толықтай өзіне игеріп алуы ықтималдығы басым.

 

Журналист, имиджмейкер

Біздің айтып отырғанымыз дәстүрлі журналистка емес. Қазіргі қоғамға бейімделген, универсал болуға бастайтын журналистика. Ал имиджмейкердің немесе PR маманның тапшылығы байқалады. Себебі маркетинг саласын жетік меңгерген білікті маманнан гөрі, универсалды түрде тауарды сату және кіріс әкелу жағынан PR маманның бәсі әлдеқайда басым.
Төртінші биліктің де ақиқатты жазып, шынайы сюжеттер беруі, зерттеулер жасауы арқылы келетін құжаттар мен мақалалардың құны да көкке көтеріледі. Жалған дүниеге көзі мен құлағы тойған қоғам үшін білікті журналистердің орны бөлек.
Өмірде әрбір адам мамандық таңдауда қателеспеу керек. Себебі, зейнет жасына дейін маңдай термен еңбек етіп өзінің материалдық жағдайыңды жақсарту үшін, өзің сүйіп атқаратын қызметің маңызды да мағыналы болмақ. Сондықтан да, еліміздің ертеңгі тірегі, сенім артар болашағы саналатын, егемен Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жолында аянбай еңбек ететін келешек маман иесі жастарымыз мектеп бітірген сәттен өз мамандықтарын дұрыс таңдауы керек. Әсіресе, әрбір мектеп бітіруші түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын болса, болашағы жарқын болары сөзсіз.
Біз мысал ретінде келтірген он мамандықтан өзгеде сан салалы мамандықтар жетеді. Кім нені таңдайды, оны біз сөз басында айттық. Бастысы, қабілетің мен икеміңе назар аударсаң қателеспейсің.

 

Төкен Әйгерім, Алматы облысы, «Бәйтерек» орта мектебінің
11-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ