КӨҢІЛГЕ ҚОНҒАН КӨРКЕМСӨЗ

Әлихан Бақыткелдіұлы, 2010 жылы 28 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек ауылында туды. 2016 жылдан бері осы ауылдағы Тоқтар Әубәкіров атындағы орта мектепті жақсы нәтижемен оқып келе жатыр. Қазақ деген халықтың өзгелерден артықшылығы сөзді қадірлейтіні, көркемсөзді сүйетіні.

Мыңдаған жылдардан бері би-шешендердің, дуалы ауыз құймақұлақ даналардың, ауызымен құстістеген жүйріктердің ұйқасты өрнекке, терең мазмұнға, әдемі әуезді сұлулыққа тұнып тұрған дана ойлары бірден бірге өтіп бүгінге жетті. Әне сол асыл сөз, жыр-толғауларды өскелең ұрпақ қайтадан жаңғыртуда. Оны мәнерлеп оқып, мәнін асырып жүрген шәкірттер арамызда көп. Соның бірі 11 жасқа келген Әлихан Бақыткелдіұлы. Әлиханның бойындағы тума қабілет пен өжеттікті байқаған ұстаздары мен өнерге баулып келе жатқан жетекшілері «бұлақ көрсең, көзін аш» деп бағыт-бағдар бере білді. Соның нәтижесінде ол атасы Нұрболат Тілеуқабылұлы мен ұстаздары Әлия Қойбасова, Мақпал Қожагелдиева мұғалімдерінің үмітін ақтап, әркез мақтаулы орындардан көрініп келеді. Осы уақытқа дейін «Қазақтың қара өлеңі құдіретім», «Көркемсөз», «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», «Мұқағали мәңгілік ғұмыр», «Өнерпаз болсаң, арқалан» атты көркемсөз байқауларының бас жүлделерін жеңіп алып диплом және медальмен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ