ӘН ҚАНАТЫНДА

Нұрзиа Сәлімбайқызы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы, Жүсіпбай Каипов атындағы орта мектебінің оқушысы. Осы жылы тоғызыншы сыныпты озат дәрежеде бітірді. Мектептің бағдарламасындағы барлық пәндерді жақсы оқып, зеректігі мен алғырлығын көрсету – оның басты ерекшелігі. Нұрзиа өз ортасынан оза шапқан өнер иесі. Оның әншілік таланты, өнерге жақындығы ауыл мен ауданға белгілі. Ол аудандық, республикалық ән байқауларында үздік нәтижелер көрсетіп, дәстүрлі және эстрадалық бағыттар бойынша өнер байқауларының мақтаулы да таңдаулы жүлдегерлері қатарынан орын алып келеді. Халқымыздың сан ғасырлдардан бері келе жатқан ұлттық әндерін нақышына келтіріп орындап, сыныбының, мектебінің атын шығарып, көптің мақтанышына айналған үздік шәкірт. Нұрзианың басты ерекшелігі, оның көмейінде ұлтымыздың өзіне тән дара дауысының, әсерлі музыкалы үнінің болғандығында. Нұрзианың өнерін жетілдіріп, қанаттандырып келе жатқан ұстазы, өнер шебері Сәуле Камиловна. Осы уақытқа дейін «Ұлы дала ұрпағы», «Жырлайды жүрек», «Жас дарын» байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері болып, диплом және медальмен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ