Сәлеметсіз бе, «Мөлдір бұлақ»!

Бүгін мен өздеріңізге өз сыныбым туралы жазғым келеді. Мен қиелі Қарқаралы топырағында дүниеге келдім. Мектебім қазақтың біртуар ұлы ақыны атақты Мәди Бәпиұлы атына берілген №44 жалпы орта білім беретін мектептің 4 сынып оқушысымын.

Сыныбымызға өте ұйымшыл, кілең талантты, дарынды балалар жиналған. Олай дейтін себебім бар, біз үнемі түрлі сайыстарға, конкурстарға, жарыстарға қатысып, жүлделі ораламыз. Тіпті аудандық, облыстық сайыстар ғана емес, республикалық, халықаралық сайыстарда жүлделі орын иелендік. Әрине, бұл мұғаліміміз Исина Жанагүл Картабаевна мен ата-аналарымыздың арқасында деп ойлаймын.

Кеңес Қуаныш,
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Мәди Бәпиұлы атындағы
ЖОББ мектебі 4 — сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ