Ренжіп қалған жейде

Ерте заманда Талғат атты бала бір ауданда өмір сүріпті. Талғатқа анасы:
– Талғатжан, мен сенің жейдеңді жуып қойдым, киіп ала ғой, – депті.
– Жоқ, мен бұл жейдені кимеймін. Бұл жейде сондай жаман, – деп кимей, қайтадан лақтырып тастапты.
Анасы Талғаттан қай жейде ұнайтындығын сұраса, Талғат ешбір жейденің ұнамайтынын айтыпты. Талғаттың өзін менсінбейтіндігіне қатты ренжіген және ашуланған жейде бір күні Талғатты тастап кету қажет деп шешім қабылдайды. Сонымен Талғаттың жейдесі бір күні Талғат ұйықтап жатқанда ақырын ғана орнынан тұрып, Талғатты тастап кетіп қалады. Талғат ұйқысынан тұрған соң, жейдесін киейін десе, жейдесі орнында жоқ болып шығады.
Талғат жейдесін қанша іздесе де жейдесін таба алмай қояды. Талғат өзінің жейдесі жайлы анасынан да сұрап көреді. Алайда анасы да Талғатқа жейдесін көрмегендігін айтады. Түскі тамақты ішіп отырған кезде анасы Талғатқа былай дейді:
– Талғатжан, сенің жейдең кеше сен оны кимей, лақтырып жібергенің үшін саған ренжіп, үйден кетіп қалған шығар. Әйтпесе жейдеңнің жайдан-жай жоғалып кетуі мүмкін емес. Талғат осы сөзді естіген соң расымен де қатты ойлана бастады.
Бір күні Талғатқа жейдесі қайтып келеді. Сол кезде Талғат жейдесін ұстап алыпты. Талғат жейдесіне былай дейді: «Жейдем, сен мені кешірші, өтінем. Енді мен сені ластамаймын. Сені ешқашан лақтырмай, киіп жүремін», – деп жейдесінен кешірім сұрап, уәде береді.
Сол күннен бастап Талғат өз уәдесінде тұрып, жақсы бала бола бастапты.

Таңшолпан АБЫЛАЙҚЫЗЫ, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қостоған ауылы,
№14 М.Жылысбаев атындағы мектептің
6-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ