Қазақстанның танымал спортшылары

Біздің елімізде талай-талай додаларға түсіп, оның дарабозы болған спортшылар да жетерлік. Олардың әрқайсысы бір-бір төбе дер едім. Араларында кәсіпқой бокс шеберлері, Олимпиада жеңімпаздары, командалық құраммен ойналатын спорт түрінен айрықша көзге түскендері де бар. Әлемдік ареналарда қазақтың туын желбіретіп, әнұранын шырқатқан спортшыларымыз нағыз құрмет пен ілтипатқа лайық жандар! Мысал келтіретін болсақ: Генадий Головкин, Сабина Алтынбекова, Данияр Елеусінов, Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Елдос Сметов, Фируза Шарипова және т.б. Оларға жеке-жеке тоқталып өтейін.

 

Геннадий Головкин — тек қана Қазақстанға ғана емес, жаһанға танымал спортшылардың бірі де, бірегейі. Осы күнге дейін 43 жекпе-жек өткізіп, соның 41-інде жеңіс тұғырынан көрінген, 36-сын нокаутпен аяқтаған, 1 тең болған жекпе-жегі және өкінішке қарай 1 жеңілісі бар. IBF және IBO нұсқалары бойынша әлемнің екі дүркін кәсіпқой чемпионы. «GGG» ретінде аты мәшһүр боксшы, инстаграм желісінде өзінің дайындықтарымен, фото, видео суреттерімен бөлісіп отырады, оны қолдайтын тіркелушілердің де саны аз емес. Генадий атақты футболшы Криштиану Роналду екеуі бір-бірімен өте жақсы араласады, тіптен бірге түскен фотоларын әлеуметтік желілеріне жүктеген.
Ольга Рыпакова — Лондон қаласында өткен Олимпиаданың алтын жүлдегері, женіл атлетика спортшысы. Пекинде, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадардан да қанжығасы бос қайтпаған, екеуінде де қола жүлдемен марапатталды.
Серік Сәпиев — Лондонда өткен Олимпиаданың алтын жүлдегері, «Вэл Баркер» кубогының иегері. Екі мәрте Азия чемпионы атанғанын да жазып кеткеніміз жөн.
Сабина Алтынбекова — Қазақстандық волейболшы. 2012 –жылы Азия жастар чемпионатында команда капитаны болды, нәтижесінде құрама жетінші орынды иеленді. 2015 жылы Жапония лигасында бой көрсетті, 2016-2019 жылдары ұлттық лигада «Алматы» құрама сапында ойнады. Тағы да бір ерекше жайттардың бірі: Сабина Алтынбекова туралы, Тайвань және Жапония сияқты елдер арнайы репортаж түсірген. Және де көптеген адамдардың айтуынша оның сырт келбеті «Аниме» кейіпкеріне ұқсағандықтан, тез есте қалады екен. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде белсенділік танытып тұрады.
Александр Винокуров — Қазақстандық велоспорттың аңызға айналған спортшысы. Лондонда өткен Олимпиаданың алтын медальін еншілеген. «Астана» вело-спорт командасының мүшесі болып, «Вуэльт» атты гранд-турды жеңуге атсалысқан.
Фируза Шарипова — кәсіпқой боксшы. 2012-жылы өткен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленген, ал елімізде өткен чемпионатта 2012, 2013-жылдары екі рет алтын жүлдеге қол жеткізді. Өзі негізінен 13 жекпе-жек өткізіп, 12-сінде қарсыласынан асып түскен, соның ішінде 6 жекпе-жекті нокаутпен жеңген. Тек 1 жекпе-жегінде сәтсіздікке ұшыраған.
Елдос Сметов — Қазақстан дюзодоист, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған. 2016-жылы өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, сол жылғы мәліметтерге сүйенсек дзюдо спортынан 60 келіге дейінгі әлемдік спортшылар рейтингысында бірінші орында тұрған.
Қорытындылай келе, шығатын тұжырымдама: жоғары да айтылған адамдардың барлығы жетістіктерге оңай жолмен жете салған жоқ, күні-түні тынбай еңбектену, мақсатқа ұмтылу арқасында осындай дәрежеге көтерілді. Олар күллі жұртқа тек өздерін ғана танытып қоймай, туған жерінің, өз отанының да даңқын асқақтатты. Менің ойымша, бәріміз олармен мақтанумыз тиіс!

Рахыш Аружан, жас тілші,
Жамбыл облысы,
Шу ауданы, Жиенбет ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ