«Абай жолы» сириалы туралы
Адамды қазіргі таңда тәрбиелейтін, дұрыс жолға салып, рухани азықпен керемет жігер беретін үш негізі саланы сарапқа салсақ, әрине соның бірі — кино болмақ! Қазіргі таңда әлемдік кино саласымен жарысып, кереметтей әсер қалдырып жүрген біздің отандық киноларда аз емес. Солардың қатарына жақында ғана түсірілген «Абай жолы» атты көркем сериалды жатқызуға болады. Бұл шығарылым Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» атты кітабының желісі бойынша түсірілген болатын.
Бұл сериалда көрермен өткен ғасырдағы қазақ ауылы мен тұрмысын, ақынның өмірі мен жеткен жетістіктерін тамашалай алады. Бұл сериал қазақ қоғамына орасан пайда әкелері даусыз. Дәл кәзіргі сәтте халыққа осындай тәрбиесі мол ғибратты жобаны ұсынған түсіру тобы мен режиссёр құрамына халық дән риза. Себебі бұл көркемдік шығарма халыққа мол азық, рухани демеу болары даусыз.
Бұл сериалды бастан аяқ көрген адамдар болса көптеген нәрселерге анық көз жеткізуге болады.
Біріншіден, сериалда Абайдың қайғысы мен Мұхтардың мұңы қатар өрілген. Сол замандағы бай болыстардың азғындығынан безінген Абай мен Мұхтарды анық байқауға болады. Және де жеке өмірлеріндегі қуанышы мен қасіреті де қоса-қабат өте үйлесімді көрсетілген. Бұл жерде қазақтың қос алыптарының тағдырлары орынды шендестірілгені анық көрсетілген.
Екіншіден, туынды да үш кезеңдегі (Абай дәуірі, репрессия қарсаңындағы Әуезовтың жас шағы және роман-эпопея жазылатын 1940-50 жылдар) оқиғалар желісі де өзара сабақтаса өрбіп, бірін-бірі толықтыра жалғасып отырады, яғни монтажы, композоциялық жымдасуы жақсы.
Үшіншіден, диалогтар шынайы, сөз саптауы қазақы нақыштар арқылы байланысқан.
Төртіншіден, актерлер құрамы керемет таңдалған. Жалпы алғанда сериалдың негізгі түйіні Абай бейнесін шынайы түрде, әсерлі етіп жас ұрпақтың бұрын білгендерін оданда керемет түсінсін деген ниетпен түсіріп, шабыттың ақ кемесіне мініп әсерлі жеткізген режиссёрлер құрамына өз атымнан рахметімді айтамын. Бұл сериал біршама қазақ жастарына ұнайтынына сенімдімін.
Ернар Маратов, жас тілші. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы 11 — сынып оқушысы