ТӘРБИЕ ТӘСІЛІ

(Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім)

Егеменді еліміздің көк байрағын көкке көтеретін жерін, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу, әрбір ұстаздың алдында тұрған зор міндет. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай еліміздің өсіп, өркендеуі білімді, талантты ұрпақтың қолында. Жаңа заманға лайық, жаңа білім, жаңа тәрбие беру-өмір талабы. Баланың жан дүниесіне әсер етіп білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағына апаратын бастауыш сынып мұғалімі.
«Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады» деп, Д.И.Менделеев айтқандай үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашыл, еңбекқор, жаңа технологияны орнымен қолдана білетін, іскер мұғалім ғана көп нәтижеге қол жеткізе алады.
Білімнің негізі бастауышта болғандықтан бастауыш сыныпта, оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту үшін, бірнеше технологияларды қолдануға болады. Солардың ішінде Ж.Қараев бойынша: деңгейлеп оқыту оқушылардың өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі деңгейдегі оларға бірдей зейін аударып,саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осындай іс-әрекеттер арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.
Сол үшін оқушылардың біліміне қарай тапсырманы деңгейге бөліп береді. Мысалы: 2 сыныпта 96-шы сабақты өткенде С.Сейфуллиннің «Көлде» деген мәтіні берілген.
I деңгей тапсырмаларын сөздік қоры жеткіліксіз оқушыларға беріледі.
1.Мәтінді оқып шығып сөздік жұмысын жүргізеді. Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, түсіндірме сөздіктен мағынасын анықтайды.
2.Ауа райы, құстар дүниесі, табиғатты қорғау тақырыбына лексикалық минимум құрастырады.
II деңгейдегі тапсырмалар қазақ тілін таяз меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткілікті оқушыларға беріледі.
1.Мәтінді оқып шығып мәтін сөздерінің орнын схема арқылы көрсетеді.
2.Нақты осы шақ, ауыспалы осы шақтарға мысал келтіреді.
Ақырын, әсем жүзіп көлеңейді.
III деңгейлік тапсырмалар қазақ тілін жақсы меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры көп оқушыларға беріледі.
1.Кейбір сөздерді орыс,ағылшын тілдеріне аударады. Мысалы: Аққу – лебедь — swan.
2.Сөздерден сөйлем құрау. Судың, аппақ, нәзік т.б. Судың да сұрауы бар.
IV деңгейлік тапсырмалар қазақ тілін өте жақсы меңгеретін оқушыларға беріледі.
«Менің сүйікті құсым» тақырыбына әңгіме жазады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады.
Топтарға бөлу кезіңде оқушылардың есте сақтау, қабылдау сияқты ерекшеліктерін ескеру керек.
Сабақ өту барысында «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма» деп, Абай атамыз айтқандай арасында сергіту ойындарын да өткізіп тұрамын.
Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс істегенде мысалы: А әріпінен басталатын сөздерді теріп жаз деген тапсырма беремін. Бұл оқушыны қырағылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Иллюстрациялық бейнелеу әдісінде негізгі ойын, сурет немесе сызба арқылы оқушыны жаңа бір қырынан көруге болады. Яғни шығармашылық жұмысқа үйрене бастайды.
Қорыта келгенде барыс текті, намысты, білімді, талантты ұрпақ тәрбиелеуде өзгенің уақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын алтын әріппен жазуға лайықты ұстаздар өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны жөн деп білемін.

Боленова Аяулым Думанқызы
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылы «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *