Армансыз адам ормансыз бұлбұл

Армансыз адам болмайды сірә. Мен болашақта ақ халатты дәрігер болуды армандаймын. Мен елімнің ертеңімін. Мен елімнің болашағымын, менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ сезіммен, мақтаныш пен айта алады. Себебі біз жастар отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздарымыз, қасиетті қазақ даласында өсіп, мекен етіп, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Кез келген мемлекеттің болашағы — білімді жастар. Көзі ашық көкірегі ояу әрбір білімді ұрпақ өз отанының даму жолында аянбай тер төгеді. Мен болашақ мықты маман болу үшін, бастысы сапалы білім алып, жақсы мамандық таңдап елімнің өсіп өнуіне үлесімді қосуым керек. Мен елімнің ертеңі салауатты Қазақстан болса деп армандаймын. Елімнің дені сау келешегі кемел берік болса деп тілеймін. Елімнің ертеңі үшін дәрігер болғым келеді. Дәрігерлік адам өміріне араша түсетін үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мен елімнің болашағы үшін адам анатомиясын өте терең білу мен қатар, кез-келген жағдайдағы науқастан сескенбейтіндей, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болғым келеді. Мен болашақ дәрігер болсам, жауапкершілігім мол, біліктілікті көп талап ететін, жұмысымда адамның бұл өмірдегі ең қымбат денсаулығы мен өмірін сақтауға аянбай еңбек етемін. Алдыма үміт артып келген науқас адамның көңілінен шығу, сенімін ақтау мен үшін үлкен жетістік. Елім үшін денсаулық сақтау саласын жақсартып, халыққа игілігі мол сақтандыруларды ұсынар едім. Бұл менің балалық арманым.
Менің болашақ мамандығым еліміздің болашағы — жастардың болашағы. Сондықтан Қазақстанның жастары ел болашағының жарқын болуына бір кісі дей атсалысуы қажет. Біз жастар еліміздің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынатын негізгі қорғаушы күші болуымыз тиіс. Елбасымыз алға қойған стратегиялық мақсаттарды орындап, дамыған қуатты мемлекет екенімізді мойындату алдағы күннің еншісінде. Ол мақсатқа жету үшін әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Қазақстанның болашағы үшін, келешек үшін жақсы оқып, кірпіш болып қаланып елдің туын биік ұстау перзенттік парызым деп білемін. Елімнен не аламын деп емес, не беремін деп келешекте жұмыс жасасам деп армандаймын. Менің арманым Алла бұйыртып дәрігер болғым келеді болашақ мамандығыммен елімнің бір жарық жұлдызы болу.

 

Құттықтаймын!

 

Құрметті барша ақ халатты батыр жандар! Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер еңбектеріңіз лайығында бағалансын деген тілегімді білдіремін. Аурусыз, әлем, үрейсіз дүниеде бірге жасай берейік!

 

Балтабай Айша Бахтиярқызы
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Жібек жолы мектеп-лицейі 2 «а» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Момбекова Айкен Тоқтасынқызы

 

2 comments

  1. Айман 11 Маусым, 2021 at 11:30

    Айша сен нағыз талантты қызсың, арманың орындалсын тек биіктен көріне бер!!! Мөлдір бұлақ журналына мың алғыс еңбектеріңіз бағалана берсін!!!

ПІКІР ЖАЗУ