Өлең

Туған жерім

Ойылым, өлкем, мекенім,
Өзіңді мақтан етемін.
Ақындар қосқан жырына,
Көрікті жер екенін.

Ойылым өлкем шырайлы,
Жері бар құтты шұрайлы.
Ойылда туып-өскенім,
Өзіме қатты ұнайды.

Атам мен әжем

Атам-әжем қамқоршы, даналарым,
Ер жеткізген, өсірген балаларын.
Сіздер берген ақыл мен ақ батаны,
Теңдессіз қазына деп бағаладым.

Сіздерден көріп өстім адалдықты,
Ажыратып жақсы мен жамандықты.
Мейірімді, қамқоршы атам-әжем,
Қабақ шытып көрмеген маған тіпті.

Әлихан БАЛТАБАЙ,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы

ПІКІР ЖАЗУ