Опасызда Отан жоқ

«Әлемде көптеген елдер болса да, Отан жалғыз», -деп бекер айтпаған. Әр адам өз Отанынсыз өмір сүре алмайды. Олай деуімнің себебі:Отан біздің бір бөлшегіміз сияқты. Егерде сол бөлшегіміз жоқ болса, біздің де бар болуымыз екіталай. «Отан үшін отқа түс, күймейсің», — деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ертедегі бабаларымыз да өз жанын осы Отанға деген махаббаты мен сүйіспеншілігінің арқасында құрбан етті. Бұл дәйексөзден түсінетін ой тағы да Бауыржан Момышұлының сөзіне келіп тіреледі. «Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ», — деген астарлы сөзді алдыңғы дәйексөзде айтыла кеткен ойына толыққанды жауап ретінде қалдырған секілді. Бұл сөздерден біздің ұғынатынымыз – Отанымызды қандай жағдай болмасын қорғап, оны сақтай білуіміз қажет екендігі.
Менің ойымша, өз елімізге деген махаббат әр адамның бойында болуы керек деп ойлаймын. Өйткені жүрегінде титтей де болсын махаббаты жоқ адам, өз Отанының азаматымын деуге қақысы жоқ. Сөзімді қорытындылайтын болсам, өз Отанымыздың қаншама ауыр күнді бастан кешіп, осы күнге аяқ басуының өзі қаншама кезеңнен тұрғанын келешек ұрпақ біліп, жадында сақтауы керек деп тұжырымдаймын. Егерде бұл туралы ешқандай нәрсе білмесе, Отанымыздағы ерлікпен есте қалғандарды жоққа шығарғанмен бірдей. Қандай жағдай болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, адамгершілік қасиеттерімізден таймайық.

Нұрай АРЫСТАНБЕК, Қызылорда қаласы, 
Қызылөзек мектебінің 10-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ