Шығармашылық байқау

Жас оқырмандар!

«Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты, жас зиялыларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналы биылғы шығармашылық байқауын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жыр жолымен атады. Байқауға еліміздің барлық аймақтарындағы оқырмандарымыз – мектеп оқушылары тегін қатыса алады.
Ел Тәуелсіздігі жайлы, оны баянды ету жолдары туралы өздеріңнің ойларыңды эссе ретінде жазып, бізге жолдаңдар.

Байқаудың шарттары

Эссенің көлемі компьютермен тергенде бір не екі бет болуы керек.
Эсселер 2021 жылдың 12 айына, 9 айына, немесе 6 айына журналға жазылған түбіртектің көшірмесімен бірге жолданады.
Байқауға эсселер 2021 жылдың 1-желтоқсанына дейін қабылданады.
Журналға жазылды деген квитанция мен эссені moldir_bulak@mail.ru электронды поштасына жібересің.
Эссенің оң жақ үстіне «Бәйгеге» деп жазылуы керек.
Эссенің соңына оқушының аты-жөні, мекен-жайы, мектебі мен сыныбы, ұялы телефонының нөмірі (өзінде болмаса ата-анасының нөмірін жазса болады), жетекші ұстазының аты-жөні мен ұялы телефонының нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.
Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың желтоқсанында шығып, жеңімпаздар Алматыда өтетін марапаттау рәсіміне арнайы шақыртылады.
Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, ұстаздары Құрмет грамоталарымен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8 707 375 40 41; 8 702 813 42 64.

Жас достар!

«Мөлдір бұлақ» журналына жазылу одан ары жалғасуда. Әр айдың 20-сына дейін өзің тұратын мекен-жайға жақын «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшесіне барып жазылсаң, келесі айдан бастап журнал қолыңа жететін болады.

Aлматы қаласы бойынша:
1 ай – 247, 5 теңге;
6 ай – 1485 теңге;
9 ай – 2227 теңге;
12 ай – 2970 теңге.

Облыстар, аудандар мен ауылдар бойынша:
1 ай – 250, 25 теңге;
6 ай – 1501, 5 теңге;
9 ай – 2252, 25 теңге;
12 ай – 3003 теңге.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *