Қызығушылықтарымыз артуда

Біз «Жас натуралистер» мен «жас шеберқолдар» үйірмесінің тәрбиеленушісіміз. Осы мекемеде білікті ұстаздардың арқасында шығармашылық жұмысқа деген қызығушылық дарынымыз оянды . Қаңтар айында мекемеде оқушылар арасында жоба жұмысын қорғау ұйымдастырылды. Барлық жеткіншектер өздерінің қолдан жасалған бұйымдарын барынша қызықты етіп қорғап шықты. Бұл жоба жұмысына мекеменің «Жас шеберлер», «Жас суретшілер», «Жас техниктер», «Робототехника»» және «Жас туристер» үйірмелерінің оқушылары қатысты.
Қазір карантин жағдайына байланысты оқушылар қашықтықтан білім алып жатыр, ол бізге еш кедергі етпейді, себебі техника мен байланыс құралдарының дамыған заманында біз байқауларды онлайн форматта өткізе аламыз. Ата-бабамыздың мұрасын сақтауда біз өзіміздің тарихымызды жандандыра отырып ұлттық бұйымдарды жасаймыз. Осы мекеме ашылғалы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтары жыл өткен сайын артып келеді.

Арай САДЫҚ, Камила НАСЫР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Жас натуралистер» мен «Жас шеберқолдар» үйірмесінің тәрбиеленушілері

Үйірме жетекшісі – Есенбаев А.Т.

ПІКІР ЖАЗУ