Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік мен үшін тәуелді болмау дегенді білдіреді. Мен ешкімге тәуелді емес бақытты елде туылған бақытты баламын. Елімнің Тәуелсіздігі оңай жолмен келген жоқ, кең байтақ жерім үшін қаншама жан өмірін құрбандыққа шалды. Хандар мен батырлар, Алашордалықтар, Желтоқсан жастары. Сондықтан әр таңымды ата-анаммен, бауырларыммен бастау, достарыммен мектепке бару тәуелсіз елім сыйлаған үлкен бақыт.
Әлемде соғыс зардабынан ешқандай кінәсі жоқ өліп жатқан балалар әлі де бар. Африка елдерінде қаншама балалар тойып тамақ жей алмайды. Индияда мектепке бара алмайтын балалар бар, ал қыздарға оқуға рұқсат етпейтін Ауғанстан сияқты елдер де бар. Өз мемлекетін жоғалтып алған қаншама халық бар. Мен өз туымды, елтаңбамды, әнұранымды, бейбіт халқы бар Тәуелсіз елімді мақтан тұтамын. Менің елімде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Олардың құқықтары теңдей қорғалған. Қазақ халқы кеңпейіл, қонақжай, көңілдері дархан даласындай кең. Мен оны әрдайым мақтан тұтып, әлемге паш еткім келеді.
Менің міндетім – өз Отанымызды сүю, оны қорғай білу, елімнің тарихын терең зерттеу, ана тілімді, ұлттық дәстүрімді, табиғатымды сақтай білу. Маған бақытты балалық сыйлаған еліме өз пайдамды тигізу. Өйткені Отан біреу ғана.

Аружан ТҰРҒЫНБЕК, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының

3-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ