Қабатты бауыр салаты және «Зебра» бәліші

Қабатты бауыр салаты
Құрамы:
Сиырдың бауыры — 240 г;
Майонез;
Картоп – бірнеше дана;
Сәбіз – 2-3 дана;
Маринадталған қияр – 4 дана;
Шалғам – 3-4 дана;
Тұз, шөптер.

Дайындау тәсілі:
Сәбіз бен картопты тазалап жуып, суға шай қасық тұз салып дайын болғанша пісіріп алу қажет. Бауырды да қайнатып, піскенде салқындатыңыз. Дайын болған сәбіз, картоп және шикі шалғамды сорғытып, қияр мен бауырды мұқият кесу қажет. Енді салаттың қабаттарын жинай бастаймыз. Картоп, бауыр, сәбіз, майонез, қияр, шалғамды әдемілеп қабат етіп орналастырамыз. Үстіңгі қабатын қалауыңызша сәндеуге болады. Бауырдан тамаша салат дайын.

«Зебра» бәліші

Құрамы:
250-300 г ұн (шамамен);
4 жұмыртқа;
10-12 ас қасық қант;
1 стакан сүт;
3-4 ас қасық сұйық май;
1 шай қасық қопсытқыш (разрыхлитель);
2 ас қасық какао.
Дайындау тәсілі:
Жұмыртқа мен қантты миксерлеп аламыз.
Үстіне сүт, май құйып араластырамыз.
Екі ыдысқа теңдей бөлеміз.
Біреуіне ұн мен қопсытқыш қосамыз.
Екіншісіне какао, ұн, қопсытқыш қосамыз.
1-2 ас қасықтан кезек-кезек құямыз.
1-ші ақ, кейін қара, солай жалғаса береді.
180 градуста 35-40 минутта пісіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған – Гаухар Тұрсынқожа

ПІКІР ЖАЗУ