«Мың бала» жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА Журналистер клубының төрағасы М.Бекбаева, ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын салтанатты түрде қорытындылау шарасында Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырылып келе жатқан «Мың бала» жобасы – түрлі этникалық топтар арасындағы мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасап, қазақ тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танытуды көздейді», -деп атап өтті.Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос жастары арасында тұрақты өткізіп келе жатқан «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» форумына тоқталды. Төраға орынбасары Алматы қаласында Ассамблеяның Қазақ тілін меңгеру жөніндегі бірінші конгресі өткенін, шараға түрлі этнос жастары қатысып, өз ой-пікірлерін тек мемлекеттік тілде жеткізгенін айтты.Ассамблеяның бұл бағыттағы жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға және мемлекеттік тілді мектеп жасынан бастап меңгеруге айрықша мән беріп отыр. «Мың бала» жобасы осы тапсырмалардың өз деңгейінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.«Мың бала» жобасы биыл 73 472 баланың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал етті. Жобаны алғаш қолға алған 2015 жылы мемлекеттік тілді 44 497 бала меңгерсе, қазіргі таңда (2019 жылы 73 472) бұл көрсеткіш 1,5 есеге көбейген.Жалпы айтар болсақ, 4-5 жылда «Мың бала» жобасы аясында 73 160 іс-шара ұйымдастырылды. Оларға 1 492 516 бала қатысып, қазақ тілін 286 215 бала үйреніп шықты.
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ