«Мир наизнанку». Эверестке саяхат

Саяхаттарымен таң қалдыруға шаршамайтын жүргізуші Дмитрий Комаров пен оның командасы әлемнің ең биік шыңы – Эвересті бағындыруға аттанады. Бұл телешоудағы кадрлар бізге тек алыс көкжиектерді көрсетіп қоймай, сол жердің адамдары туралы, қарапайым тұрғындардың өмірлері туралы паш етеді, тіпті сол жерде тұрғандай боласың. Әсіресе, Эверестке арналған экспедицияны атап өткім келеді, дәл осы кадрлар мен үшін мотивацияға толы болды, өйткені Эверест шың болғандықтан оған көтерілу керек, оның өзінің шытырманы, қиындықтары болады, дегенмен қандай да қиындықтарға қарамастан экспедиция мүшелері Дмитрий Комаров және оның командасы үлкен жолға аттануға шешім қабылдайды. Шынайы және қызықты сюжеттермен бөліскім келеді.

 

Эверестке саяхат маусымы 2016 жылы түсірілген.
Бірінші күн. Дмитрий Комаров пен топ мүшелері саяхат жолын, арманға деген бірінші қадамын бастайды. Бұл бастау Лукла ауылы, 2860 метр биіктіктен басталады.
Екінші күн. Дмитрий Комаров ұлы шың – Эверестке саяхатын жалғастыруда. Бұл жолы саяхатшы 3440 метр биіктікте орналасқан Намче Базарға жол жүру мақсатын алдына қояды. Бұл бөлімде шерпі халқының күш феноменін ашып, таулы аймақтағы кәсіптердің сипаттамаларымен және жергілікті мейрамханаларының тосынсыйларымен таныса аласыз.
Бесінші күн. Эверестке саяхат жалғасуда. Дмитрий Комаров әлі де 3440 метр биіктіктегі Намче Базар ауылында. Онда ол ең адал, халыққа баурмал мэрмен танысады. Содан кейін жергілікті мектепке барып, мектеп оқушылырына шағын сый, мейрам ұйымдастырады, балаларға торт сыйлап бір қуантады.
Алтыншы күн. 3780 метр биіктіктегі Кумджунг ауылына көтеріледі.
Жетінші күн. Топ мүшелері Кумджунг ауылының құпиясын тануды жалғастыруда. Бұл жолы «Мир наизнанку» йети (қар адамын) зерттеуге кіріседі. Эверест баурайларында бұл мистикалық адам тәріздес жанды көргендер бар көрінеді. Дәл осы Кумджунг ауылында йети туралы жәдігер сақталған. Биік таулы храмда бірегей жәдігер – йети бас сүйегі табылған, бірақ көптеген зерттеулерден кейін шын мәнінде бұл ақпараттың жалған екені расталады, ал ол не нәрсе болғанын білу үшін эпизодтың барлық бөлімдерін көруге кеңес беремін.
Он төртінші күн. Биіктік 3780 метр. Дмитрий Комаров Кумджунгтан кетпек. Бірақ Эвересті алғаш бағындырушы Тенцинг Норгейдің жиені Дмитрий Комаровты жібермей қояды. Ол ұзақ уақыт белгісіз дорбаны іздеумен болады. Содан Д. Комаровтың алдына әкелген кезде дорбаның ішінен Норгей Тенцингтің аңызға айналған көзілдірігін көреді. Сол көзілдірікті Дмитрий Комаровқа беріп тұрып: «Бұл менің ағамның көзілдірігі. Эверест сен үшін маңызды мақсат болғандықтан, саған сыйға тартамын. Бұл көзілдірік менің үйімде шаң басып тұрса, сенің қолыңда болса экран арқылы миллиондаған халық көреді. Менің қонақтарымның ешқайсысы Норгей Тенцинг туралы сен секілді білген емес, сондықтан саған шын ниетіммен сыйлаймын»,- деп құрмет көрсетеді.
Оның қолында 1953 жылғы Норгей Тенцинг пен Эдмонд Хилоридің қатысуымен өткен, алғашқы болып шыңға көтерілген кездегі көзілдірік болды. Сонда Дмитрий Комаров: «Маған осындай әлемге танымал Норгей Тенцингтің жиені үш-ақ күн білетін адамға осындай бағалы сый тартады деген ой үш ұйықтасам да ойыма кірмеген, бұл көзілдіркті ол кісі аукционда қымбат бағаға сатуына әбден болар еді, бірақ осындай шешім қабылдағаны мен үшін үлкен мәртебе болды»,- деп жауап қайтарған болатын.
Екі апта ішінде команда бес мың метр биіктікке дейін көтеріледі, осы уақыт ішінде оператор Александр Дмитриев аяғын зақымдап, екі гид тау ауруымен сырқаттанып, кері қайтады. Енді жүргізуші Эверест базалық лагеріне жетіп, Айленд-пик, 6000 метр биіктікке көтерілуге дайындығын бастайды. Бірақ өкінішке орай, жүргізуші Дмитрий Комаровта тау ауруы басталады.
Он сегізінші күн. Катманду, биіктігі 1400 метр. Дмитрий Комаровқа жедел жәрдем көрсетіледі. Осындай себептермен экспедицияны біраз уақытқа тоқтата тұру шешімі қабылданады.
Уақыт өте Дмитрий Комаров шыңға – мақсатқа жету үшін Гималайға қайта оралады. Сол кезде 1953 жылғы аты аңызға айналған экспедицияның соңғы қатысушысымен танысады. Ол Норгей Тенцинг пен Эдмунд Хилариге әлемнің шыңына көтерілуге көмектескен тұлғалардың бірі болатын.
Айленд-пик шыңына көтерілу жоба тарихындағы ең қауіптісі болды. Дмитрий Комаров жүйіткіген боран мен экспедицияға қатысушылардың ескертуіне қарамастан, мақсатынан бас тартқан жоқ. Ақырында, жүргізуші соңғы күшін жинап, шың үстіне қадам басқанда жалаулар көріне бастайды. Бұл – шың. Дмитрий Комаров және команда шыңға шығады, солай экспедицияның негізгі миссиясы аяқталады. Бұл кадрлар үлкен шабыт сыйлайды.
6180 метр биіктік, Айленд-пик. «Алақай, Мир Наизнанку шыңға көтерілді» деген сөздерменен Дмитрий Комаров аңызға айналған кадрлар жасаған.

Азиза Манешева, жас тілші,
Орал қаласы, №12 мектептің 7-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ