Ағылшын мақал-мәтелдері

• Кітапсыз үй рухсыз денеге ұқсайды.
• «Ертең» ешқашан келмейді.
• Жақсы кітаптан артық шын дос жоқ.
• Итпен жатқан адам бүргемен оянады.
• Ең жақсы шараптың да уыты болады.
• Күлсең бүтін дүние сенімен күлсін, жыласаң жалғыз жыла.
• Әр адам өз бақытының сәулетшісі.
• Тыйым салынған жемістер тәтті болады.
• Қысқалық – акылдың жүрегі.
• Ит ұстасаң ұзын етіп байлама.
• Бүкірге күлген адам әрқашан өзі тура жүруі тиіс.
• Ойламай сөйлеу нысананы көздемей атылған оққа ұқсайды.
• Алмас алмаспен кесіледі.
• Бала – жақсы оқытушы.
• Досы жоқ адам – ең кедей жан.
• Кедейлік күнә емес.
• Кедей таңдап отырмайды.
• Үмітсіз жүрек жарылып өледі.
• Қиындықсыз жетістік жоқ.
• Тек өлген адам ғана күнә істемейді.
• Үндемейтін иттен және салқын судан сақтан.
• Жақсы өмірден достық пайда болады, қиыншылық оны сынайды.
• Сақ жүру қаһармандықтың ең негізгі бөлігі.
• Мейірімділік өз үйіңнен басталады.
• Байлық – үлкен құлдық.
• Амандықсыз байлық еш нәрсе емес.
• Шын достары бар адам бай.
• Үлкен балық кішілерін жеп бітіреді.
• Аз жұмыс істеген адам көп мақтанады.
• Үлкен кеме терең теңізді талап етеді.
• Бұқа мүйізінен, адам тілінен ұсталады.
• Үлкен қала үлкен жалғыздықтың ұясы.
• Сау тәнде – мықты рух.
• Әрекет еткенге Құдай әрдайым жәрдем береді.
• Суы тартылған құдықтан су алу – босқа әурешілік.
• Кіші денеде үлкен жүрек тұрады.
• Жұмсақ бұйрықта үлкен күш болады.
• Ғасырлар бойы салынған ғимарат бір сағатта-ақ қирауы мүмкін.
• Қараңғыда барлық мысықтар сұр болып көрінеді.
• Нағыз дос барлық дерттеріңе дауа болады.
• Көтеріңкі көңіл – ең жақсы дәрі.
• Желді тормен ұстай алмайсың.
• Шарап кірсе, ақыл шығады.
• Өмірдің әдемілігі – алуан түрлілікте.
• Сыртқы көрініс алдамшы.
• Соғыс – корольдардың ойыны.
• Соғыс бақытсыздық әкеледі.
• Бөрі терісін тастауы мүмкін, бірақ пейілін тастамайды.
• Әр күн жексенбі бола бермейді.
• Уақыт өзгереді.
• Уақыт – үлкен емші.
• Бәрін уақыт емдейді.
• Уақыт пен толқын ешкімді күтпейді.
• Әр істің өз уақыты мен мекені болады.
• Уақыт пен сабыр тұтты жібекке айналдырады.
• Уақыт ұшады.
• Уақыт кереметтерді жаратады.
• Барлық жолдар Римге алып барады.
• Әр нәрсенің басы бар.
• Барлық есектер құлақтарын қозғалтады.
• Әр жақсылықтың соңы бар.
• Шын қалаумен істелген іс тез бітеді.
• Әр істің өз уақыты мен мекені болады.
• Барлық құс өз ұясын сүйеді.
Аударған – Саят Қамшыгер

ПІКІР ЖАЗУ