Ерекше жануарлар
Балаларын салып жүруге арнаған қалталары бар сүтқоректілерді қалталы жануарлар деп атайды. Олар тек Австарлияны ғана емес, жаңа Гвинея мен Тынық мұхиттың Соломонов аралдарында тіршілік етеді. Кейбір түрлері Америкада өмір сүреді. Кенгуру, коала, эперуа, опоссум, вомбат, бандикуттардың басым бөлігі Австралияны мекен етеді. Солардың ішіндегі ең танымалы – кенгурулар.
Кенгуру
Кенгурулар – қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар. Кенгурудің баласы анасының қалтасының ішінде өседі екен. Ол қалтаға симайтындай үлкен болғанға дейін қауіпсіз жер қалтадан шықпайды. Олардың 15- 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар. Өсімдікпен қоректенеді, бірақ кейбір түрі құрт, жәндікті де жейді. Жылына 1 рет 1 – 2 күшік туады да, оны бауырындағы қалтасына салып, 6 – 8 ай асырайды. Терісі мен еті және хайуанханалар үшін ауланады.
Коала
Коала – қалталы аю. Оның дене-бітімі тығыз, басы, құлағы үлкен, терісі қалың, түсі күлгін. Уақытының көп бөлігін ағаш бұтағында өткізеді. Қараңғы түскенде азық іздеп талдан талға ауысып жүреді. Коаланың ас қорыту мүшесі өте баяу жұмыс істейтін болғандықтан, қимыл қозғалысы да жай. Ол құрлықтың батысындағы эвкалипт ормандарында мекендейді. Австралияда көп таралған бұл өсімдіктің жапырақтары ересек коаланың жалғыз жарамды қорегі болып табылады. Төлдерін сүтпен қоректендіреді және үстінде: жарты жыл қалтасында, содан соң – арқасында тасиды.