Киелі бұғы туралы ертегі

Ерте, ерте, ертеде бір аңшы жігіт өмір сүріпті. Атқан оғы мүлт кетпейтін мерген екен. Ауылына өте сыйлы болыпты. Өзіне лайықты өте жүйрік ала арғымағымен тау – тасты кезіп аулаған аңдарын ауылдастарына бөліп береді екен. Бір күні аң аулап жүріп кішкентай лақ тауып алады. Дереу шапанына орап алып үйіне әкеледі. Бұл бұғының лағы еді. Ол лақты аңшы жігіт бағып өсіреді. Лақ жігітке бауыр басып өседі. Екеуі дос болыпты. Лақ мүйізі тарамданған алып бұғы болады. Жігіт бір жаққа барса сол бұғысына мініп барады екен. Қазіргі уақытта сібір халықтарының бұғыға мінетіні содан қалыпты. Аңыздарда кездесетін киелі бұғы осы лақтың енесі екен.

Ноғай Еркебұлан Ерланұлы
Алғабас шағын орталықты орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ