Сен білесің бе?

     Адамдардың шашының түсі неге әртүрлі болады?

Терінің түсі секілді шаштың түсі де эпидермистің түбіндегі меланоцит жасушаларында болатын қою қоңыр түсті зат – меланинге байланысты болады. Шаштың түсі ата-анадан берілетін генге де тікелей байланысты. Егер мелоцениттер белсенді болса, шаш пен тері күңгірт түс беретін меланинді көп түзеді екен.
Қара шашты адамдарда мелонин саны көп болады.
Жирен шашты адамдарда шашының құрамында каратиноид заты болады.
Сары шашты, яғни ашық түсті шаштарда меланин өте аз болады.

Адам ағзасында қанша сүйек бар?

Адамның денесінің бестен бір бөлігін сүйек құрайды. Бас сүйегіміздің саны – 22. Қабырғаларымыз 12 жұптан тұрады. Ең ұсақ сүйектер құлақта болса, ең ұзын сүйек- сан сүйегі екен. Жас сәбидің сүйегі ересектердікіне қарағанда жұмсақ, икемді. Балалардың қаңқасында 340 сүйек болса, ересектерде 206 сүйек болады. Сүйектер 20-40 жас аралығында қалыптасып бітеді. Қартайған адамдардың сүйегі қатая бастағандықтан, тез сынғыш келеді. Сынған сүйектер қалпына келеді.

Шаш қанша уақытта өседі?

Ғалымдардың зерттеуінше адамның қиылмаған шашы 4-5 жылда 1 метрге дейін өседі екен. Бастағы шаш аптасына 3,5 мм-ге ұзарады. Орта есеппен алғанда адамның басында 100000-120000-ға дейін шаш болады. Бас терісіндегі шаштың түбірлерінен шаштар бірдей уақытта түспейді. Сол себепті адамның шашы қалың болады. Ағзадағы C, B5, B6, PP дәрумендері, темір, мырыш, кальций мен магний аз болса шаш түсе бастайды екен.

Адамның терісі қалың ба?

Тері миллиондаған екі қабатты жасушалардан тұрады. Алғашқысы эпидермис, кейінгісі дерма деп аталады. Эпидермис тығыз әрі қатты болса, дерма жуан және түрлі сезінуді анықтайтын сенсорлы қабат болады. Терінің қалыңдығы орта есеппен 0,5мм-5мм аралығында. Ең қалың тері адамның табанында. Ал жұқа тері көз айналасында екен. Тері де ескіреді. Бірақ түлеу арқылы жаңадан қалпына келіп отырады.

Кірпіктер неше уақытта түседі?

Кірпіктер – денедегі ең жуан түктердің бірі. Адам өз көзін әр жұмған сайын кірпігі арқылы көздегі шаң-тозаңды тазалап отырады. Және кірпіктер көзді қорғауға арналған. Әрбір кірпік тек бір-екі ай ғана өмір сүреді. Олар түсіп қалғанда фолликулдан жаңа кірпік өсіп шығады. Әрбір кірпік бір баған және түбірден тұрады. Түбір тері астында орналасқан. Кірпік түсі эумеланин және феомеланин пигменттерінің арақатынасына байланысты. Кірпіктің өсу циклы 4 фазадан тұрады: 2-3 апта кірпік қарқынды өседі. 4-7 апта өсуін тынышталады. Қалған екі фазада кірпік әлсіреп түсе бастайды. Кірпік кез-келген уақытта өсе береді, бірақ ағза қартайған сайын, кірпік жұқарып, әлсіреп және ағара бастайды. Көздің төменгі бөлігіндегі кірпіктердің ұзындығы шамамен 7 мм, ал үстіңгі бөліктегілер шамамен 10 мм. Үстіңгі кірпіктердің саны 150-250 шақты болса, төменгі кірпіктер саны 50-150 аралығында.

ПІКІР ЖАЗУ