Ғаламдағы қызықтар

  3 жасар аспаз

Ал 3 жастағы Полина Симонова ең кішкентай аспаз атанды. Полина Ресейдегі Люберцы қаласында тұрады. «Лучше всех» атты бағдарламаға қатысып, 3 жастағы қыз ас пісіру ептілігін көрсетті. Бағдарламада Полина котлет пен оливье салатын әзірледі. Анасының айтуына қарағанда, тамақ пісіруге қызы 2 жастан бері қызығады. Қазір Полина басқа тағамдарды да әзірлей алады. Оның Instagram парақшасында түрлі тағамдарды дайындау туралы видеолары өте көп.

 

Дельфиннің досы

АҚШ-да тұратын кішкентай Элли Месарош дельфиндерді өте жақсы көреді. Элли 10 жаста. Орландо қаласының ойын-сауық кешенінің дельфиндер тұратын океанариумге Элли жиі келеді. Қыз оларға би билеп, ойыншық әкеліп, олармен ойнауға тырысты, бірақ олар қызға көңіл аудармапты. Бір күні Элли өзінің тарағын әкеліп, оның тістерімен ойнап, дыбыстар шығарыпты. Сол дыбыстар дельфиндерге өте ұнады. Олар қызға жақындап, дыбыстарды ықыласпен тыңдайтын. Енді дельфиндер Эллинді қуанышпен қарсы алады.

 

Ауруды жеңген бүлдіршін

Қытайдың Тайчжоу қаласында тұратын Сунь Чуянь әлемдегі ең жас йога оқытушысы болып танылды. Сунь туылғаннан аутизм аурумен ауырған. 2 жаста әке-шешелері оны йогаға апарыпты. Йогамен Сунь 2 жыл шұғылданып, ауруын жеңді. Йога мамандарының айтуынша, баланың йогаға қабілеті ерекше және ол басқа адамдарды да оқыта алады. Қазір Сунь 7 жаста. 2016 жылдың шілдесінде бала йога оқытушысының сертификатын алды. Бүгінде ол өз қаласының бірнеше сауықтыру орталықтарында йога сабақтарын жүргізеді.

ПІКІР ЖАЗУ