Жаңа мектеп үздіктерімен танылуда

Қызылорда қаласында 2015-2016 оқу жылында пайдалануға берілген №271 орта мектебіне жол түсті. Жаңа заманауи үлгідегі ғимараттың ашылу салтанатында Елбасының «Менің Отаным—Қазақстан» атты кітабы оқушыларға шашу болып шашылды.
—Байқадыңыздар ма, қаламыз жылдан жылға үлкейіп, көркейіп келеді. Халқының саны да өсуде. Жаңа кейіптегі білім ұясы қажет-ақ. Соның бірі — біздің « Қорқыт ата» ықшам ауданындағы осы ғимарат. 45 сынып комплектісі 1100 оқушыны құрайды. Аз ғана уақыттың ішінде 3 «Алтын», 2 «Үздік» аттестат иегері, қазір белді жоғары оқу орындарында білім алуда,- деді мектеп директоры МОЛДАБАЕВА Гауһар Рүстемқызы ой бөлісіп.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дауренбекова Гүлмира, биология пәні мұғалімі Қайырбай Айдана, химия пәнінің мұғалімі Омарова Гүлдана, музыка пәні мұғалімі Баекеева Нұргүлдей білікті ұстаздардан ілім-білім алған шәкірттер республикалық бірнеше байқауларда жүлделі орынға ие болған.
Педагогтар ұжымының әр ісіне сәттілік тілеп, алға жылжыдық.

ПІКІР ЖАЗУ