Ет қосылған картоп орамасы

Құрамы: 500-600 г картоп; 1 дана жұмыртқа; 1 дана пияз; 100-150 г ұн; 500 г фарш; өсімдік майы;
Дайындау әдісі: Картоптың сыртын жақсылап жуып, суға қайнатып аламыз. Піскен кезде біраз уақытқа суытып қоямыз. Қабығын аршып, көзі ірі үккіштен өткізіңіз. Шұңғыл табаққа картопты, тұзды, ұн мен жұмыртқаны, аздап қара бұрыш сеуіп барлығын араластырыңыз. Картоп қосылған қамыр дайын болған соң, дөңгелектеп, оқтаумен жаямыз. Фаршқа тұз, дәмдеуіштер қосамыз. Аздап қаймақ немесе айран құюға болады. Ішіне фаршты салып ораймыз. Табаға өсімдік майын құйып, екі жағын да қуырып аламыз. Ішіндегі фарш пісу үшін 200 градуста қыздырылған пешке 15-20 минутқа қоямыз. Бетіне үккіштен өткізіп ірімшікті де себуге болады. Қалауыңызша безендіресіз. Ас дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ