Көзге жасалатын жаттығулар

Бүгінде, балалар мен жасөспірімдерді айтпағанда үлкендердің де көруі нашарлап бара жатқанын жиі естиміз. Оның бірден-бір себебі, компьютермен көп жұмыс істеу, ұялы телефондарды шамадан тыс пайдалану екені айтылуда. Сондықтан, оқырмандарымызға көзге жасалатын жаттығулар жайында қысқаша мәлімет беріп отырмыз. Көруі нашарлаған балалар окулист-дәрігердің кеңесіне жүгінгені жөн.
Көзге жасалатын жаттығуларға назар аударыңыздар. Бұл жаттығуларды күнде жасап жүрсеңіздер, денсаулығыңызға пайдалы болады. Негізі адам көзіне көзілдірік киіп жүрсе, біраз уақыттан кейін оның көзінің көруі нашарлайтыны дәлелденген екен.Сондықтан көзілдіріктен бас тартып, берілген жаттығуларды орындаңыздар. Әрине, көзілдірікті тағу міндетті кездер де болады, дегенмен көп жағдайда көздің көруін қалпына келтіру мәселесін қолыңызға алып жаттығулар жасасаңыз, жейтін тамағыңызға мән берсеңіз, уақытында ұйықтап, күн тәртібін көп бұзбасаңыз, жақсы нәтижелерге жетесіз.
Көздің көруін қалпына келтіру барысында мыналарды да ескерген жөн:
•Көзге көп күш түсірмеуге тырысыңыз, күндіз аздап ұйықтап алыңыз немесе 2-3 сағат сайын көзіңізді жұмып отырыңыз.
•Көзге арналған жаттығуларды жасаңыз.
•Егер көзіңіз емдеуге келетін болса, көзілдіріктен бас тартыңыз.
•Арнайы нүктелерді басып отырып көз айналасына массаж жасаңыз.
•Күн тәртібін сақтаңыз. Сағат 22:00-де ұйықтауға жатып күн шыққанға дейін оянуыңыз керек.
•Көзілдірік кимей қыдырыңыз, алысқа көп қараңыз.
•Диета сақтаңыз (майлы, қуырылған, тұзды, қақталған ұн тағамдарын көп жемеңіз), сәбізден жасалған шырынға зәйтүн майының бірнеше тамшысын қосып ішіңіз.
•Кешкі 19:00-ден кейін компьютер қолданбаңыз.
•Демалыңыз, жақсы музыка тыңдаңыз, көзге салмақ түсіретін ауыр жұмыс пен дене жаттығуларын шектеңіз.
Алынған жері: bilimpaz.kz

ПІКІР ЖАЗУ