Шабыттарыңды шыңдаған
ЖАМЫХАНОВА Бибісара,
ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері,
Жамбыл ауданының құрметті азаматы
Шабыттарыңды шыңдаған
Балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналының қадірлі оқырмандары!
Баспасөзге бейімі бар ұл-қыздармен, олардың ата-аналарымен бірге оқып, тағлым алатын жасөспірімдерге арналған басылымдардың саны артқаны ұстаз ретінде мені қуантады.
Жаһандану заманына бейімдеп, білім берудегі мақсаттардың негізі болып саналатын мақсаты — баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету. Жеке тұлғаның білімді жан-жақты өз бетінше іздеуі, балалардың жеке бас ерекшеліктерін дамытуда журналдың маңызы ерекше. Жас ұланның шығармашылығының қалыптасуы отбасында басталады. Өсе келе балабақша мен мектепте дамиды. Оның шығармашылығының талапқа сай өркендеуі журналистердің еңбегі. Сендердің танымдық ой-өрістеріңнің өсуі, пікірлеріңмен бөлісіп, қиындықтарды жеңуді алдыңғы буын аға-апаларыңның өнегелі ісімен журнал беттерінде жарияланған дүниелерден ұғасыңдар.
Балалар мен жасөспірімдерді рухани тәрбиеге баулып, шығармаларын көпшілік назарына ұсынып, жетістіктеріңмен бөлісуге ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқан басылым ұжымына қажыр-қайрат, денсаулық тілей отыра, шығармашылық белестерден аса беруіне тілектеспін.