Ақынның өлеңдерінен тағылым

Шекербек САДЫҚАНҰЛЫ — 80 жаста

Шекербек САДЫҚАНҰЛЫ — 80 жаста

Шекербек Садықанұлы 1936 жылы 23 желтоқсанда Жамбыл облысы, Меркі ауданының Қостоғай ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Ұ.Бағаев атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Ақын аталарың балаларға арнап өлеңдер жазады. Оның «Тәуіп пен дәрігер», «Аманжолдың ерлігі» атты кітаптары жарық көрген. «Дарқан өмір», «Мың бала» дастандары бар.
Шекербек аталарыңның өздеріңе арнаған бір топ өлеңдерін тарту етпекпіз.

Ұстаз
Ақындар да
Ұстаздардан шығады.
Батырлар да
Ұстаздардан шығады.
Ғалымдар да
Ұстаздардан шығады.
Дарындар да
Ұстаздардан шығады.
Өйткені, ол—еңбек сүйгіш ғұлама,
Ғұламадан білмегенді сұра да
Өс ержетіп,
Мектеп атты ұяда,
Қанат қағып қияға!

Ұстаздық тек
Қарапайым жан емес,
Жиясыңдар ұстаздарға қарап ес.

Білім сырын,
Ғылым сырын меңгерген,
Бар шәкіртті баласындай
тең көрген.
Қастерлі де, қасиетті — бұл Ана,
Өнегелі,
Өсиетті — бұл аға!
Өйткені ол — Еңбек
сүйгіш ғұлама!
(Егер сабақ білмесең
Тек өзіңді кінәлә…)
Мектеп
Мектепке барып күнде мен,
Көп нәрсені үйренем.
Құлаққа құяр ұстазым
Көп жайды мен білмеген.

Білгендерім көп менің,
Білім алып көктедім.
Жақсылыққа баулиды
Сүйікті менің мектебім.
Менің міндетім
Сүйем Әкем, Анамды,
Асқар тауым — панамды.
Сүйем туған жерімді,
Ұлан байтақ даламды,

Қуандырар жыл сайын,
Қуанышым көп менің,
Қарсы алады күн сайын,
Құшақ жайып мектебім.
Жақсы менің тәртібім,
Қызық және әр күнім,
Алған бестік бағалар,
Ата-анама тартуым.

Қолдан келер әзірше,
Осы менің міндетім.
Шаттанам сезіп өзімше,
Үй-ішімнің құрметін,
Күнделік
Жүрмін оқып, үйреніп,
Оқудың көп пайдасы.
Қолымыздағы күнделік-
Білімімнің айнасы.

Күнделікке жазылар,
Тапсырманың әр түрі.
Іздесең одан табылар,
Оқушының тәртібі.

Күнделік сырын түсінем,
Артық ол кейде достан да.
Сабақты еске түсірер,
Парақтап бетін ашқанда.
Шекербек
САДЫҚАНҰЛЫ

ПІКІР ЖАЗУ