Түркиядағы жеңімпаз қызымыз

Дениз Жансәуле — Түркиядағы танымал таэквондошы. Ол 1991 жылдың 26 тамызында Қазақстанда дүниеге келген. Ата-анасымен бірге кішкене кезінде Түркияға қоныс аударып, көшкен екен.
Спортқа құштар болып өскен Жансәуле атақты Мұстафа Өзтүрік ашқан Ыстамбұлдағы таэквондо мектептерінің бірінде жаттығып, тәрбиеленген. Ол бүгінде Түркияның ұлттық құрамасы қатарында. Жансәуле — Түркияның бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық Гран-При жүлдесінің жеңімпазы, көптеген халықаралық, әлемдік жарыстар мен біріншіліктердің жүлдегері. Болашағынан үлкен үміт күттіретін Жансәуле Дениз алдағы уақыттарда жарыстарға Қазақстанның атынан қатысуы мүмкін. Бұл жайында қазір келіссөздер жүруде.
Өз тілшімізден

ПІКІР ЖАЗУ