«Мешін» салаты
Құрамы: тауық еті; 3 жұмыртқа; 1 қызыл пияз; 150 гр ірімшік; 2 алма; 3 ас қасық майонез. Дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосамыз.
Сәндеу үшін: грек жаңғағы мен зәйтүн.
Дайындау тәсілі: Қызыл пияз, жұмыртқа және тауық етін төртбұрыштап турап аламыз. Ірімшікті және қабығынан тазартылған алманы үккіштен шығарып 3 ас қасық майонезбен бәрін бірге жақсылап араластырамыз. Жалпақ тәрелкеге жайып салып, мешіннің бейнесін келтіреміз. Бетіне грек жаңғағын, ірімшік және зәйтүнді суреттегідей пайдаланамыз. Жаңа жылдық «Мешін» салаты дайын.
Ас дәмді болсын!