Елімізді көркейтеміз

Қазақ хандығы Мұхамед Хайдар Дулатидың деректері бойынша 1465 жылы құрылған. Сол кездегі соғыс-қақтығыстардан азап шеккен қазақ руларын біріктірген Керей мен Жәнібек хандар еді. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей хан жарияланды. Қазақ хандығында алғашында екі жүз мыңдай адам болған. Олар өз күштерін біріктіріп, елді жаулардан қорғады, шайқастарда өз жерінің шекарасын кеңейтті. Қазақ хандығына Сыр өңіріндегі Созақ, Сығанақ, Яссы, тағы да басқа ірі қалалар қарады.
Кейін ХVІ-ХVІІ ғасырларда Жәнібек ханның ұлы Қасым хан Қазақ хандығын күшейтті. Осы жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдары жасалынды. Көптеген ғасырлар бойы халқымыздың батырлары, ата-бабаларымыз біздің жерімізді қорғап бізге дейін жеткізген. Біз, Қазақстанның жас ұрпақтары оны ешқашан ұмытпай, елімізді дамытуға тырысамыз. Біздің 3 «в» сынып оқушылары сабағымызды жақсы оқып, болашақта жақсы маман боламыз! Елімізді көркейтеміз!
Аяулым ТӨЛЕУҚАНОВА, Орта мектеп гимназиясы.
Алматы облысы,
Қапшағай қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ