Шакира

shakiraТолық есімі: Шакира Изабель Мебарак Рипалл
Бойы: 157,5 см
Сүйікті әртісі: Хью Грант
Сүйікті түстері: ақ және қара

Латынамерикалық әйгілі әнші Шакираны танымайтын адам жоқ шығар. Шакира 1977 жылдың 2-ақпанында порттық қала Барранкильде дүниеге келеді. Әкесі – Вильям Мебарак, ұлты араб, ал анасы – Нидии дель Кармен. Қызының болашағына зор сеніммен қарайды. Жастайынан  өте зерек, алғыр болып өседі. Бір жарым жасында әріптердің бәрін танып, үш жасында  оқуды үйренеді. Сегіз жасында ұлттық әндер байқауында жеңімпаз атанады. Осылайша сегіз қырлы, бір сырлы қыз он бір жасында гитарада ойнай бастайды. Он үш жасында музыкалық аспаптардың барлығын  жетік меңгереді. Және испан, ағылшын, португал, итальян тілдерінде еркін сөйлейді.
Ең алғашқы шығарған ән жинағы «Magia» деп аталады. Осы кезде Шакира небәрі 13 жаста еді. Осы ән-жинаққа енген көп әндердің авторы да өзі. Ал, 16 жасында Испанияда өтетін үлкен ән фестивалінде Колумбия елінің намасын қорғайды. Алайда Шакираның өнердегі алғашқы қадамы сәтсіз болып, екі ән жинағы елеусіз қалады. Өзіне сенімді, қайтпас қайсар мінезді Шакира белді бекем буып, 1994 жылы колумбиялық «El Oasis» мюзиклына қатысып, көпшіліктің көзайымы болады. Ерен еңбегінің арқасында әншінің «Laun dry Servi» альбомы көп сұранысқа ие болып, 4 миллион тиражбен таралған екен. Шакира «Грэмми» сыйлығын үш рет жеңіп алады. Қазіргі таңда Шакира тек әнші ретінде емес, биші, продюсер ретінде де танымал. Оның өз әндеріне түсірген  бейнеклиптері әншінің ерекше би қимылдарымен көрерменді тамсандырады. Шакираның атақ-даңқынан басқа тұрақты өткізіп тұратын қайырымдылық шараларын ауыз толтырып айтуға болады. Әсіресе жағдайы төмен, жетім балаларға жасаған жақсылықтары көп. Әншіге  бұл жақсылығы үшін өз елінде ескерткіш қойылған.

Дайындаған: Айзат Мұхтар әулиеті,
                     «Мөлдір бұлақтың» жас тілшісі.

ПІКІР ЖАЗУ