Алғысымды білдіремін
Менің балам Ақжол Есмағзомұлы қазір төртінші сыныпты бітірді. Балам екінші сыныптан бастап түрлі аудандық жарыстарға қатысып келеді. Солардың ішіндегі ең үздік жүлделі орындарын атап айтсам деймін.
Аудандық «Жас интеллект-2013» олимпиадасында I орын, Құрбан айт мерекесіне орай аудандық көркем сөз сайысында I орын, аудандық «Бозторғай» фестивалі, V облыстық «InteI — Iogic — 2014» логикондар, логикалық есептер софизмдер шешу интеллектуалдық турнирі, «Болмасаң да, ұқсап бақ» мәнерлеп оқудың шебері номинациясы бойынша дипломмен марапатталды, VII облыстық «Зерде-2014» интеллектуалды марафон – турнирінде «Дарын» қосымша білім орталығы дипломы-
мен марапатталды. «Ана тілім – түп қазығым, айбы-ным!» атты танымдық сайысында «Мәнерлеп оқу шебері» номинациясы бойынша III дәрежелі, «Дарын» орталығы өткізген Қ.Р. Тәуелсіздігі күніне арналған аудандық сырттай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған шығарма байқауында «Үздік шығарма» — 2014 аталымымен мара-
патталды, аудандық Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына орай ұйым-дастырылған ІІІ Қадыр оқуларында «Сөздің бәрі құдіретті…» мәнерлеп оқу бөлімінде II орынмен марапатталды.
Осы қуанышымды Алимбетова Ардақ Мұратқызына алғыс ретінде жеткізгім келеді.
Гүлбақша АНЕСОВА, ата-ана,
БҚО, Сырым ауданы, Қосарал ауылы.