Елімнің қорғанымын

Оқу жылы аяқталды. 3 «Ә» сыныбына көштім. Өткен оқу жылы қандай жетістіктермен есімде қалды деп ойландым. Ұстазымыз УАЛИЕВА Айнара Төлегенқызы бізбен көп сынып сағаттарын өткізді. Оған ата-анамыз қатысты. Соның бірі — «Жігіт сұлтаны» байқауы. Оған сыныптағы 15 бала қатыстық. Байқаудың шартын бәріміз орындадық. Таныстыруға байланысты өзімнің тегімді өлең жолдарымен айттым. Спорттық жарыс, қолөнер сайысына дайындалдық. Шеберлігіміз бен өнеріміз сынға түсті. Байқаудың соңғы бөлімі — «Егер мен Президент болсам». Бәріміздің де ел басқаратын тұлға болғымыз келетінін естіген Сәния апай «Бәрекелді!» деп қазылық оң бағасын берді.
Сұлтан САУДАБАЙ,
№ 36 мектеп,
Алматы облысы,
Талғар қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ