Жаңашыл ұстаздар бас қосты

Шәкірттер үшін оқу жылы аяқталып, жазғы демалыс басталды. Бірақ, мұғалімге демалыс жоқ. Алматы қаласы № 160 орта мектепте өткен мәжілісте озық тәжірибе мектебі құрамындағы іскер ұстаздардың есебі тыңдалды.
Мектеп директоры Гүлнар Арыстанқызы ДАУЛЕТОВА 2014-2015 оқу жылы бойынша білім ұясындағы игілікті істерге тоқталды. Басты мәселе — күнделікті сабақтағы ұстаздардың бала оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық, жан-жақтылық, біліктілік, басқа да педагогикалық технологияның жетістіктерін тәжірибеде қолданудың нәтижесін атап өтті. Жыл бойы ұстаздармен бірлесіп, білім сапасын арттырып, тәрбие беруде жаңашыл, тәжірибелі, әр ісіне жанашырлықпен қарайтын ұстаздар еңбегі орасан. Жүрегі мектеп деп соғатын бұл мұғалімдер бар уақытын аямай, оқушыларының жаңа белестен көрінуіне шын ықыласпен ізденіп, шеберлігімен танылуда.
Н.М.Малдынова, С.Л.Миронова, Л.А.Пачикина, Н.И.Меновщикова, К.К.Сүлейменов, Г.А.Асқарова сынды ұстаздан білім алған шәкірттер мектепішілік, аймақтық, аудандық пән олимпиадаларында, байқауларда, спорт жарыстарында топ жарып
келеді. Мектеп директорының орынбасары
И.П.Эйслер, Л.С.Калыхалова, Г.С.Жұмабекова да ардақты ұстаздар. Есімі
аталған шоқтығы биік ұстаздар жинақ-талған тәжірибесі негізінде семинар-тренингтер, шеберлік класын, ашық сабақтар, педагогикалық оқулар ұйымдастырып, өткізуде. Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімдердің өлшеусіз еңбегіне табыс тілейміз.
(Өз тілшіміз)

ПІКІР ЖАЗУ