Құпия сурет № 5 (29)

Оны қалай көре аласың?
Суретті тыныш бір ортада көру керек. Суретті көз алдыңда қозғалмастан ұзақ уақыт көлденең ұстап, қимылдамастан тұрасың. Әдепкі қым-қиғаш сызық пен суретке мән бермеңдер. Көзіңді суретке емес, суреттің тереңіне тігесің. Алдымен суретті мұрныңа тиетіндей етіп жақындатасың. Екі көзіңді де тайдырмастан бір ғана нүктеге қадауың керек. Көздеріңді еркін ұстап, суретті көріп отырмын деп санайсың. Осылай бірнеше минут өткеннен кейін суретті жайымен 2-3 секунд сайын 2 см. дей аралықта алыстатасың. Енді суретті толықтай қарауға тырыс. Бастапқыда бейне бұлдырап қана көрінеді, соңынан 3 ауқымды кескіндемеге тап боласың. Егер де осындай суретке алғаш рет қарап отырсаң, онда сурет біраз сабырлылықты талап етеді. Жұмбақ сурет дереу көрінеді деп ойлау қателік. Екі минут өткеннен кейін-ақ суреттегі бейне айқын да жанды суреттей құбылып көрінеді. Кішкене үзіліс жасап, көзіңді демалдырып, өзіңді тағы да сынап көр. Бір рет көргеннен кейін рахатқа бататыныңа кепілдік береміз. Бұл бейнелі құпия сурет көздің көру қабілетін жақ-сартады, алайда осы бейнені көру барысында көзіңе салмақ түсіріп алмауға мән бергенің жөн.

ПІКІР ЖАЗУ