“Ғарышкер болуды армандап…”

Мұхамедқанапия  Раимжанов,  полиция қызметкері:

Мұхамедқанапия
Раимжанов,
полиция қызметкері:

Бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданының тумасымын. Бала кезімнен ұшқыш, ғарышкер болғым келіп, арман әлеміне сапар шегетінмін. Кеңес үкіметі тұсында балалардың көбі осылайша армандайтын. Мен де солардың бірі болатынмын. Жұлдыздар әлемін, аспан денелерін, құс жолын, планеталарды зерттеуге тым құштар едім.
Өмір ағынымен полиция қызметкері болдым. Қостанайда, Алматыда білім алып, Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданында көп жылдар бойы қызмет еттім. Сол кездерде милиция деп аталатын едік. Өте жауапты, қиыншылықтары көп мамандық. Кей кездерде күн-түн демей жұмыста жүретін уақыттар болады. Елдің тыныштығын, халықтың қауіпсіздігін сақтау үлкен еңбекті талап етеді. Тәртіп сақшылары заңның сақталуын, құқықтардың қорғалуын, тәртіптердің бұзылмауын қадағалайды, қылмыскерлерді құрықтайды. Соның арқасында қоғамда береке, тыныштық сақталады. Зейнетке шыққан соң Алматыда күзет жүйесінде еңбек етіп жүрмін.
Мектеп қабырғасында жүрген ұл-қыздарға болашақ мамандықтарыңды қазірден бастап ойластыра беріңдер дегім келеді.

ПІКІР ЖАЗУ