Ақ ит пен қара ит

Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының ауласында ылғи да ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз, бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит жетпей ме, екеуінің түрі неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді.
Немересінің қойған сұрағына ерік-сіз жымиған қарт әуелі оның арқасын сипап біраз отырды, сөйтті де:
— Олар мен үшін екі белгі, балам, — деді асықпай жұмбақтаған күйі.
Бала әлі де түсіне қоймағандықтан:
— Ненің белгісі, ата? — деп қайта сұрады.
— Жақсылық пен жамандықтың белгісі, — деді қарт немересіне ендеше ол жайды бір тәптіштеп түсіндіріп қояйын деген кейіппен. — Тура мына сен көріп отырған әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бойында жақсылық пен жамандық та
ылғи бір-бірімен айқас үстінде жүре-ді. Бұларға қараған сайын мен соны еске аламын, сол үшін де оларды үнемі өзіммен бірге ұстаймын…
Бала айқаста әйтеуір біреу жеңетін болар деген ойын жасыра алмастан балаға тән сұрағыш кейіп танытты:
— Ата, сонда күресте бұлардың қайсысы жеңеді?
Қарт жүзі қайта күлімсіреп:
— Е-е, балам-ай, қайсысына көбірек болыссам, сөзсіз сол жеңеді…, — депті.
“Тағлым тамшылары” кітабынан алынды

ПІКІР ЖАЗУ