«Өртті көріп, саспадым»

Сегіз жасар Шыңғыстың көзсіз ерлігі осындай тұжырымға лайық деп білеміз.

Шыңғыс Естайдың ата-анасы балаларын үйге қамап, дүкенге кеткен. Электр сымдарынан шыққан өртті көргенде, кішкентай қарындасы мен екі інісін ертіп, терезеге келген. Әйнекті сындырып, алдымен қарындасын, одан кейін інілерін сыртқа шығарып үлгерген. Бауырларын сыртқа қалдырып, жалаң аяқ бала түтіннен қаймықпай үй құжаттарын алып шыққан.
Шыңғыс Бозанбай орта мектебінің оқушысы. Жаңа жыл қарса-ңында хас батыр марапатталды.
— Әттең, теледи-дарды далаға шығарып үлгермедім. Бастысы бәріміз дін аманбыз. Қар үстінде аяқ киімсіз жүгіргендіктен, дәрігерлерлердің көмегі қажет болды, — деп батылдығымен таң қалдырды бүлдіршін.
Шығыс
Қазақстан
облысы

ПІКІР ЖАЗУ