Қасиеттіңнен айналайын, домбыра!

Сұлу Көкшенің Бурабай төрінде 7 қарашада «Атадан — мұра»
қорының ұйымдастыруымен өткен «Ақжелең» Республика-лык өнер байқауы өтті. Қазақ жерінің әр түкпірінен келген жас та-
ланттар аянып қалмады. Ұлттық өнерді жанына серік еткен жас
өнерпаздар дәстүрлі ән, төкпе күй, шертпе күй, терме номинация-лары бойынша сайысқа түсті. Өнер биігіне қанат каққан балғындар арасында мен де өз өнерімді көрсетіп, жүлделі II орын алдым. Мен теледидардан көріп жүрген Мұрат Әбуғазы күйшімен, дәстүрлі ән майталманы Ардақ Исатаевамен жүздесу бақытына бөлендім. Со-нымен қатар Мұрагер Сауранбаев ағаны көру мен үшін үлкен бақыт.
Тек оқулықтан ғана көріп жүрген «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Жеке батыр» сынды аңыз желісіне арқау болған тастарды көру мен үшін, шынымен де, күтпеген жағдай болды. Табиғаттың тылсым күшіне кайран қалдым. Осы әсерімді сыныптастарыммен бөліскенде, ертегі еліне сапар шегіп келгендей күй кештім. Тәлімгерім Исмағұлова Айнұр апайыма алғысым шексіз.

ПІКІР ЖАЗУ