Айна (әңгіме)
Жанар бүгін мектептен көңілсіз оралды.
Келе сала, сөмкесін дəлізге қойып, төргі бөлмеге беттеді. Диванға сылқ етіп отыра кетті. Есіне таңертеңгі оқиға түсті. Ол – ең жақын құрбысы Мадинамен алғаш ренжісті. Бəрі кішкене, дөңгелек айнадан басталды. Ол айна Жанарға өте қымбат, өте ыстық еді. Өйткені, ол айнаны анасы Жəмила осыдан үш-төрт жыл бұрын сыйлаған. Ол кезде Жанар небəрі жеті-ақ жас-та болатын. Бірақ, амал нешік, сұм тағдырдың анасын алып кеткеніне үш жыл толған.
Міне, бүгін анасы сыйлаған айна сынды. Үзіліс кезі. Жанардың ең жақын досы Мадина
айнасын сұраған. Қанша бергісі келмесе де, досының көңілін қимаған. Мадина айнаға қарады да, бір кезде шыр айналып билей бастады. Мұны көрген Жанар:
— Мадина, абайла, айнамды
сындырасың, — деуі мұң еді, айна жерге түсіп кетті. Сынықтары жан-жаққа ұшты. Бұл Жанарға оңай тиген жоқ. Əрбір сынықтан анасының жүзін көргендей.
— Сен… сен… не істедің? – деді Жанар жыламсырап.
— Ой, сол бір кішкентай айнаға қарап қалдың ба? Арзан емес пе? – деді Мадина.
Досынан мұндай сөзді күтпеген Жанар қапелімде не айтарын білмей тұрып қалды.
Жанар үйінде көңілсіз отырған. Кенет есіктің қоңырауы шылдыр ете қалды. Əкесі екен.
— Оу, не боп қалды? – деді əкесі қызының қабағындағы кірбіңді байқап.
— Ештеңе емес, — деді жыламсырап.
Əкесі қызын бауырына басып, басынан сипады. Жанардың көңілі орнына түсті. Алайда, айна туралы оқиға есінен кетпеді.
Альбомдарды ақтарып отырып, ішінен анасының фотосын тауып алды. Көңілі босап кетті. Фотоны қайта-қайта бауырына басты. «Кешір мені, маматай,
кешірші, Мадина айнаны əдейі сындырған жоқ, ол байқамай…» — деп жылап жіберді. Бір кезде бұның құлағына тағы біреудің жылаған даусы
естілді. Қараса, Мадина!
«Жанар, кешір мені, ол айнаның саған ондай қымбат екенін білгем жоқ, кешірші мені» — деді де, Жанарға бір нəрсе ұсынды. Қараса, дəл сондай дөңгелек кішкене айна. Жанар Мадинадан мұндайды күтпеген. Анасының ыстық сезімін өзіне қайтарып алғандай. Ол үнсіз. Ыстық тамшылар Жанардың қолындағы айнаға тырс-тырс тама берді.
Ерзат, Қымбат ҚАЛИЕВТАР.
ШҚО, Үржар ауданы,
Науалы ауылы.